Құрметті біздің сайт оқырмандары!

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№21 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның сайтына қош келдіңіздер! Біздің емхана осы емханаға тіркелген тұрғындарға амбулаториялық-емханалық және стационарды алмастыратын көмек көрсетеді, емхананың қуаты бір ауысымда 200 адамды қабылдауға арналған.

Біздің сайтта сіздер мекеменің құрылымымен, жабдықталуымен, қызметкерлерімен, денсаулық сақтау саласындағы соңғы жаңалықтармен таныса аласыздар. Сондай-ақ, сіз маманға сұрақ қоя аласыз және дәрігердің қабылдауына жазыла аласыз.

Бүгінгі таңда емхана қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жабдықталған, бұл ультрадыбыстық диагностика, офтальмология, хирургия, электрокардиография, флюорография сияқты бағыттарда мамандандырылған көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Сіз алдын-ала жазылу арқылы белгіленген қабылдау күндері мен сағаттарда бас дәрігердің жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауына жазыла аласыз (сейсенбі күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін, бейсенбі күні сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін (3-қабат, №311 кабинет).

Құрметпен, бас дәрігер Рахальская Наталья Николаевна.