ШЖҚ "№21 қалалық емхана" МКК Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы №5815 қаулысына сәйкес 2009 жылы құрылды және 2010 жылдың наурыз айынан бастап медициналық қызмет көрсете бастады.

Емхананың орналасқан жері: Жетісу ауданы, мекенжайы: Көкжиек шағын ауданы, 66.

Мемлекеттік кәсіпорын бекітілген Жарғысына сәйкес жұмыс істейді. Емхана қызметіне басшылықты және оны қаржыландыруды уәкілетті аумақтық денсаулық сақтау органы – Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы жүргізеді.

Емхананың функционалдық мақсаты – стационарлық - алмастырушы технологияларды пайдалана отырып, амбулаторлық деңгейде халыққа алғашқы медициналық - санитарлық және мамандандырылған, консультациялық - диагностикалық көмек және медициналық қызмет көрсетуге қатысты халықтың денсаулығын қорғау бойынша аумақтық бағдарламаларды орындау.


Емхананың қызмет түрлері

Емхана жағдайында және үйде тіркелген аралас тұрғындарға (балалар және ересектер) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;

Тұрғындардың арасында профилактикалық шаралар кешенін көрсету және жүргізу;

Халықты диспансерлеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;

Қалпына келтіру емін қажет ететін түрлі аурулары мен жарақаттары бар науқастарды оңалтуды жүзеге асыру;

Халықты санитарлық-гигиеналық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

Консультациялық - диагностикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;

Сараптамалық медициналық қызмет.


Емхана қызметінің басым бағыттары:

  • медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз ету;
  • ана мен баланың денсаулығын қорғау;
  • науқастарды медициналық оңалту;
  • нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің зияндылығын насихаттау;
  • туберкулездің алдын алу және онымен күрес бойынша іс-шаралар;
  • инфекциялық және паразиттік аурулармен күрес;
  • халық арасында салауатты өмір салты идеялары мен принциптерін зерделеу және тарату.

Құрылымы және қызмет көрсету аумағы

"№ 21 қалалық емхана" 36437 тұрғынға (балалар-12648, ересектер 23713) қызмет көрсетеді. Емхананың жоспарлы қуаттылығы-бір ауысымда 200 адам қабылдауға есептелген. Қаланың ең шалғай ауданында орналасқан және Алматы облысының Іле ауданымен шектелген. Қызмет көрсету радиусы 20 км, 65% жеке сектор құрайды (Қарасу, Первомайка ауылы, мұнай базасы ауданы), аумақта темір жол, автомобиль магистральдары, өнеркәсіп аймақтары орналасқан. Осының барлығы - географиялық, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктер осы ауданда тұратын халықтың денсаулық жағдайына әсерін тигізеді. Халыққа көрсетілетін алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жақындастыру мақсатында ОДО Первомайка филиалы бар.