АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№21 Қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қ., 2017ж.

КӘСІПОРЫН ТӨЛҚҰЖАТЫ

КӘСІПОРЫН АТАУЫ

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№21 Қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

КӘСІПОРЫН МЕКЕНЖАЙЫ

Индекс 050028, Алматы қ, Көкжиек ы/а,66

МЕНШІК ТҮРІ

Мемлекеттік меншік

ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

УӘКІЛЕТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН

Алматы қаласының әкімдігі

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНЫ

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

САЛАСЫ

Денсаулық сақтау (КПВЭД 38943371)

ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ

Денсаулық сақтау саласы

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ САНЫ

232 жеке тұлға

ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

БСН 100140005292

ЖСК KZ18549А1398R6038012

БСК SENIKZKA

Кбе 16 АГФ АО «QAZAQ BANKI»

БІРІНШІ БАСШЫСЫ

Бас дәрігер

Түкеева Нұржамал Бисенқызы

КӘСІПТІК ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Нургаскаева Санат Кудышевна

ҚОҒАМДЫҚ

БІРЛЕСТІГІ

"МЕДИК" жергілікті кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігі

Осы Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамаларының, Қазақстан Республикасының "Кәсіподақтар туралы" заңын, Алматы қаласының Әкімі, Алматы кәсіподақтар Одағы және Алматы қаласы кәсіпкер Палатасы арасындағы Аймақтық келісім, сондай-ақ Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы және "Медик" жергілікті кәсіподақ» ҚБ арасындағы 2017 – 2019 жылдарға арналған Салалық келісім нормаларын сақтау негізінде тең құқылы Тараптармен ерікті түрде әзірленді.

Ұжымдық шарттың жобасын қызметкерлермен талқылау нәтижелерін және ұжымдық шарттың ережелері бойынша Тараптар арасындағы қол жеткізген келісімді, сондай-ақ екі жақты кепілдікті ескере отырып, жасалатын ұжымдық шарттың мәтіні Тараптармен дайындалған және келісілген ұжымдық шарт жобасының дәлме-дәл мәтіні болып табылады.

Заңнамаларды, оның ішінде ҚР Еңбек Кодексі нормаларын басшылыққа ала отырып, ұжымдық шарт Жарғы негізінде әрекет ететін бас дәрігер Түкеева Нұржамал Бисенқызы атынан ШЖҚ "№21 Қалалық емхана" МКК әкімшілігі (бұдан әрі – Жұмыс беруші) және "Медик" жергілікті кәсіподақ" ҚБ (бұдан әрі - Кәсіподақ) атынан 2016 ж. «16» ақпандағы № 14 сенімхат негізінде әрекет еететін кәсіптік ұйымдастырушы Нұрғасқаева Санат Құдышқызы арасында жасалды.

1. ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Осы шарттың мәні әлеуметтік серіктестік және ұйымның экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, қызметкерлеріне кепілдіктер мен жеңілдіктерді беру, белгіленген заңдармен, нормативтік-құқықтық актілермен, салалық келісімдермен салыстырғанда, неғұрлым қолайлы жағдай жасау шеңберінде тараптар арасындағы өзара түсіністікке қол жеткізу болып табылады.

1.2. Ұжымдық шарт жергілікті құқықтық акті болып табылады және оның шарттары ұйымның барлық бөлімшелері үшін міндетті.

Жұмыс беруші мен Кәсіподақ бірлескен қызметінде осы ұжымдық шарттың талаптарын бұлжытпай сақтауға және және бұл ретте төмендегілерге тануға міндеттенеді:

  • Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің басымдығы;
  • тараптардың әрбірінің құқықтары мен өкілеттігі;
  • осы шарт талаптарын орындау міндеттілігі;
  • қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері заңнамада белгіленгеннен төмен бола алмайды және заңнама өзгерген кезде арттыру жағына қарай қайта қаралуы тиіс;
  • Жұмыс беруші Кәсіподақпен бірлесе отырып, қызметкерлердің жеке санаттарына қосымша еңбек және әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктер белгілеуге құқылы.

1.3. Ұжымдық шарт әлеуметтік әріптестік, өзара сенім мен құрмет, тараптардың құқықтары мен міндеттерін шектеу қағидаттарын ескере отырып жасалды және кәсіподақ мүшелерін, жаңадан қабылданған кәсіподақ мүшелерін қоса алғанда - ұйым қызметкерлеріне таратылады.

1.4. Жұмыс беруші Кәсіподақты ұйым қызметкерлерінің жалғыз өкілі деп таниды, өйткені ол еңбек ұжымының жалпы жиналысында уәкілетті болды, еңбек және еңбекпен байланысты өзге де әлеуметтік экономикалық қатынастар саласындағы олардың мүдделерін қорғайды.

1.5. Кәсіптік одақтың мүшесі болып табылмайтын, қызметкерлердің сайланбалы өкілдерін сайлауға қатыспаған қызметкерлер сайланбалы өкілдерінің кәсіподақ органдарында олардың мүдделерін ұсынуға құқылы. Қызметкердің кәсіподақ органдарына жазбаша өтініші негізінде қызметкерлердің сайланбалы өкілдері олардың өкілдік мүдделерін қамтамасыз етеді.

2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕРІ

Тараптар еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылық пен мәдениетті көтеру мақсатында еңбек заңнамасының негіздеріне сай қызметкерлерді оқытуды қажет деп санайды, бұл еңбек қатынастары саласындағы қызметкерлердің құқықтық қорғалу деңгейін арттыру, олардың еңбек құқықтарын жүзеге асыру сапасын жақсарту, өндірістік жарақаттану оқиғаларының алдын алу және әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын болдырмау үшін маңызды болып табылады. Еңбек қақтығыстарында консенсусқа қол жеткізу үшін Тараптар мемлекеттік басқару, қадағалау және бақылау органдары мамандарын, тәжірибелі заңгерлерді тарта отырып, дәрістік сабақтарды жүргізу арқылы қызметкерлерге еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру мен оқыту бойынша бірлескен семинарлар жүргізеді не оқуды өз күшімен өткізеді.

2.1.Жұмыс беруші құқылы:

2.1.1. Ұйымдастыру құрылымын анықтауға және белгіленген тәртіппен құрылымдық қайта құруларды жүзеге асыруға.

2.1.2.Қызметкерлерді олардың біліктілігіне сəйкес жұмысқа алуға.

2.1.3. Ұйым қызметкерлерінің орындауы үшін еңбек процесімен байланысты және міндетті нұсқаулар (оның ішінде лауазымдық), Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келмейтін актілері, Ережелер, қағидаларды Кәсіподақ органымен келісім бойынша әзірлеуге, шығаруға және қолданысқа енгізуге.

2.1.4. Қызметкерлерді жалпы құқықтық оқытуға.

2.1.5. Басшылық лауазымдарға кадрлық резерв жұмысы бойынша іс-шаралар жоспарын жасауға және жүзеге асыруға.

2.1.6. Қолданылып жүрген заңдарда көзделген барлық құқықтарын пайдалануға.

2.2. Жұмыс беруші міндеттенеді:

2.2.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Шарттың талаптарына сәйкес Кәсіподақтың және қызметкерлердің заңды құқықтарын сақтауға.

2.2.2. Осы Шартта айтылған қажетті әлеуметтік бағдарламалар мен кепілдіктерді жүзеге асыру үшін қажетті даму көрсеткіштерінің максималды мұмкіндіктеріне және қаржылық нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерді орындау, ұйымның тиімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету.

2.2.3. Медициналық практикаға емдеу мен диагностикалаудың жаңа әдістерін, озық тәжірибені, еңбекті ғылыми ұйымдастыруды енгізу.

2.2.4. Мемлекеттік мұрағатқа қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттар мен олардың зейнетақы шоттары түсетін қызметкерлер қаражатының аударылуы туралы мәліметтер тапсыру.

2.2.5. Қызметкерден еңбек шартында (бұдан әрі – ЕШ) келісілмеген жұмыстарды орындауын талап етпеуге.

2.2.6. Бұдан бұрын белгісіз мерзімге қызметкерлермен ресімделген еңбек қатынастарын қайта ресімдеуге жол бермеуге.

2.2.7. Тұрақты сипатқа ие жұмыстарды немесе функцияларды орындауға арналған ЕШ 1 жылдан кем мерзімге жасауға жол бермеуге.

2.2.8. Жазбаша түрде 2 ай бұрын Кәсіподақты хабардар етуге және олармен ұйымды тарату, қайта ұйымдастыру, қайта құрылымдау және оңтайландыру жағдайларда, соның салдарынан жұмыстан босату мүмкін болған жағдайда қызметкерлердің құқықтарын және мүдделерін сақтау бойынша келіссөздер жүргізуге.

2.2.9. Штат санының қысқаруына байланысты қызметкерлерді жұмысынан босату туралы кемінде бір ай бұрын хабардар ету; сондай-ақ еңбек жағдайларын елеулі өзгерту туралы - кемінде күнтізбелік он бес күн (бір ай ішінде қалдыруға болады), бұл ретте хабарлама тек лауазымы қысқартылатын немесе еңбек жағдайы өзгеретін қызметкерлерге беріледі. Ай өткен соң еңбек қатынастары жалғастырылатын болса хабарлама жойылған болып есептеледі.

2.2.10. Қызметкерлердің құқықтық кепілдіктерін сақтау мақсатында Берушінің бастамасы бойынша жұмыскерді жұмыстан шығару ҚР Еңбек кодексінің 52-б. 4-тармағында көзделген негіздемелер бойынша Кәсіподақтың келісімімен жүргізіледі.

2.2.11. Еңбекті қорғауды кешенді басқаруға. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша уақытылы шаралар қабылдауға, соның ішінде егер жұмысты жалғастыру өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін болса тоқтата тұруға.

2.2.12. Ұйым мүлкінің сақталу жағдайын қамтамасыз етуге, қорғау және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қоса алғанда.

2.2.13. Оқыту шарты негізінде қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру (соның ішінде дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерін жоспарына сәйкес дипломнан кейінгі дайындыққа жіберуге, біліктілік санатын алуға, аттестациядан өтуге ниет білдірген мамандарына ықпал ету) мақсатында оқу ұйымдастыруға.

2.2.14. Кәсіподақ мүшелерінің жеке жазбаша өтініштері негізінде олардың тиісті кәсіподақ органдарына аудара отырып, есептелген жалақыдан 1% мөлшерінде кәсіподақ жарналарын ұстап қалу жүргізуге.

2.2.15. Қызметкерлердің орындауы үшін еңбек үдерісіне және міндеттеріне байланысты осы Шартпен, ережелермен, нұсқаулықтармен (оның ішінде – лауазымдық) барлық қызметкерлерді таныстыруға.

2.2.16. Жаңадан қабылданған қызметкерлерді ЕШ жасау және Кәсіподақ мүшелігін нақтылау мәселелері бойынша кеңес алу үшін Кәсіподақ өкіліне жолдауға.

2.2.17. Жұмыс беруші еңбек тәртібі ережелерімен, қызметкердің еңбек функциясына тікелей қатысы бар жұмыс берушінің өзге де актілерімен және Ұжымдық шартпен қызметкерді таныстыруға міндеттенеді.

2.3. Жұмыскерлер құқылы:

2.3.1. Жұмыс берушіден және Кәсіподақтан жекелеген ережелерді және шартты тараптардың орындауы бойынша объективті ақпаратты алуға.

2.3.2. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес даулы мәселелерді және даулы жағдайларды қарауға.

2.3.3. Еңбек үдерісі менолардың құқықтарына, міндеттері мен кепілдіктеріне байланысты ұжымдық шарттың, ережелердің, нұсқаулықтардың (оның ішінде – лауазымдық) мазмұнымен танысуға.

2.4. Қызметкерлер міндеттенеді:

2.4.1. Қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін осы Шарттың ережелерін, ЕШ талаптарын, ұйымның ішкі құқықтық актілерін және нормативтік құжаттарын орындауға.

2.4.2. Жұмыстың жоғары сапасын қамтамасыз етуге, лауазымдық міндеттерін орындауға.

2.4.3. Оқу шартында келіскен мерзімде кәсіби даярлаудың (біліктілігін арттыру) аяқталуы бойынша жұмыс берушіде жұмыс істеуге. Оқу шартында белгіленген мерзімге дейін жұмыскердің кәнісінен жұмыс берушінің немесе жұмыскердің бастамасы бойынша ЕШ бұзылған жағдайда қызметкер жұмыс берушіге жұмысымен өтелмеген мерзім үшін оқуымен байланысты шығындарды өтеуге.

2.4.4. Әкімшіліктің еңбек заңнамасына қайшы келмейтін өкімдерін орындауға.

2.4.5. Ұйымының және Кәсіподақтың абыройын қолдауға.

Кәсіподақ құқылы:

2.5.1. Еңбек заңнамасының сақталуы үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға.

2.5.2. Осы Ұжымдық Шарттың аясында және жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы басқа да мәселелер жөнінде жұмыс берушімен келіссөздер жүргізуде қызметкерлердің мүдделерін қорғайтын өкілетті өкілі болуға.

2.5.3. ҚР «Кәсіптік одақтары туралы» Заңында анықталған өкілеттіктер шегінде ұйымның қаржы-шаруашылық және өзге де қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты сұрауға.

2.5.4. Жұмыстан босатылған қызметкерлер үшін қосымша жұмыс орындарын құруға жәрдемдесуге.

2.6. Кәсіподақ міндеттенеді:

2.6.3. Осы Шарттың ережелерін және заңнаманы, соның ішінде белгіленген әлеуметтік кепілдіктерді сақтауда қызметкерлердің мүдделерін қорғауға.

2.6.4. Келісім комиссиясының шеңберінде еңбек дауларын шешу барысында Жұмыс берушімен келіссөздер кезінде қызметкерлердің мүдделерін білдіруге.

2.6.5. Кәсіподақ кәсіподақтарға тән әдістерімен және құралдарымен тиімді жұмысқа ұйымдастыруға ықпал етуге міндеттенеді.

2.6.6. Жұмыс берушімен қызметкерлер жиналыстарын (конференциялар) жүргізудің регламентін, өткізу орны мен уақытын, жиналысқа (конференцияға) қатысушылардың санын келісуге.

3. Еңбек және демалыс тәртібі

3.1.1. Қызметкерлердің еңбек және демалыс тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына және ішкі еңбек тәртібінің қағидаларына сәйкес айқындалады (Қосымша №3 ).

3.1.2. Ұйымның келесі жұмыс режимі белгіленді:

Емхананың медицина қызметкерлері – жұмыс уақыты балансын ескере отырып, айына бір сенбі жұмыс күнімен бес күндік жұмыс аптасы, жұмыс уақыты аптасына (ауысым) 40 сағат (№ 4 қосымша);

Әкімшілік (бас дәрігер, оның орынбасарлары, бухгалтерия қызметкерлері, МБ және т.б.) – жұмыс уақыты балансын ескере отырып, айына бір сенбі жұмыс күнімен бес күндік жұмыс аптасы, жұмыс уақыты аптасына (ауысым) 40 сағат (№ 4 қосымша);

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ұзақтығы 30 және (немесе) 36 сағат болатын қысқартылған жұмыс аптасы қолданылады (Қосымша № 4 );

3.1.3. Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс уақыты және демалыс уақыты ауысым кестесіне сәйкес белгіленеді. Жалпы есепте жұмыс уақыты балансы жыл бойы реттелуі тиіс.

Жұмыс аптасы жылжымалы кесте бойынша болған жағдайда, жұмыс уақыты дүйсенбі – жұма және сенбі күні ішкі тәртіп ережелеріне сай орнатылады. Жалпы есепте жұмыс уақыты балансы (жыл, жартыжылдық, 9 ай) бойы реттелуі тиіс

3.1.4. Күнделікті жұмыс (ауысым) ішінде тамақтану және демалу үшін үзіліс ұзақтығы ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді. Жұмыс орнын тастап кету мүмкін болмайтын жұмыстарда ас ішу және басқа да қажетті жағдай жұмыс орнында қамтамасыз етіледі.

3.1.5. Жылжымалы кесте бойынша жұмыс ауысымы мен сенбі күнгі жұмыс кестесі, кезекшілік немесе ерекше жағдайлардағы жұмыс Кәсіподақпен келісіледі және жұмыскерлерге оларды қолданысқа енгізгенге дейін кешіктірмей күнтізбелік он күн ішінде жеткізіледі.

3.1.6. Ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленген жұмыс күнінің (ауысымының) ұзақтығынан тыс жұмыс үстеме болып саналады.

3.1.7. Үстеме жұмыстар әрбір қызметкер үшін бір күнтізбелік күн ішіндегі жұмыстан аспауы тиіс: қалыпты еңбек жағдайындағы жұмыстарда – екі сағат; зиянды және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстарда – бір сағат.

3.1.8. Үстеме жұмыстарға: жүкті әйелдер мен он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер тартылмайды.

3.1.9. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыстарға тек қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жіберіледі, мынадай жағдайларды қоспағанда:

  • төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты болдырмау;
  • өндірістік апаттарды, жазатайым оқиғаларды, олардың зардаптарын жою.

3.2. Жұмыс беруші міндеттенеді:

3.2.1. Қызметкерлеріне:

  • кезекті еңбек демалыстарының кестесіне сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысы ең төменгі ұзақтығы - 24 күн;
  • кәсіптер мен зиянды еңбек жағдайларындағы лауазымдардың тізіміне сәйкес қызметкерлерге жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстарын (Қосымша № 4);
  • ҚР ЕК 89-б. 3-тармағына сәйкес көтермелеу сипатындағы өзге де ақы төленетін қосымша жыл сайынғы еңбек демалысы:
    • үздіксіз ұзақ жылдардағы жұмысы үшін - 3 күнтізбелік күн
    • маңызды, күрделі, жедел жұмыстарды орындағаны үшін - 3 күнтізбелік күн береді.

3.2.2. Беруге Жұмыс берушімен бекітілген және Кәсіподақпен келісілген кезекті еңбек демалысының кестесіне сәйкес қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын береді.

3.2.3. Жыл сайынғы еңбек демалысы өндірістік қажеттілік бойынша және қызметкердің келісімімен үзілуі, сондай-ақ қызметкердің демалысты үзу туралы өтініш берілген күннен бастап демалысы кезеңінде кезінде уақытша жұмысқа жарамсыздығы пайда болғанда, ол аяқталғаннан кейін ұзартылуы мүмкін.

Еңбек демалысынан шақыртылған кезде демалысының пайдаланылмаған бөлігі тараптардың келісімі бойынша ауыстырылуы, не келесі жылдың демалысына қосылуы мүмкін, не пайдаланылмаған еңбек демалысының күндері үшін өтемақы төленеді. Кезекті еңбек демалысынан жұмыскерді шақырту қосымша демалысының күндерін толық пайдаланған жағдайда рұқсат етіледі.

3.2.2. Қызметкердің қалауы бойынша еңбек демалысын бөліп береді. Бұл ретте еңбек демалысы бөліктерінің бірі қызметкердің еңбек шартында көзделген еңбек демалысы ұзақтығынан екі күнтізбелік апта кем болмауы тиіс.

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының бөлігі берілген жағдайда қызметкерге еңбек демалысымен бірге бір мезгілде толық көлемде бір мезгілде материалдық көмек қосымша төленеді.

3.2.5. 16 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар әйелдерге кезекті еңбек демалысына қосылмайтын айына бір төленетін бос күн беріледі.

3.2.9. Предоставлять социальные отпуска төлеп, орташа Мынадай жағдайларда қызметкердің өтініші негізінде орташа еңбекақы мөлшерінде төленетін әлеуметтік демалыс беріледі:

  • қызметкер некеге тұрғанда (үйлену) - 3 күн;
  • тікелей туыстарын (ата-анасы, күйеуі, әйелі, балалары) жерлеуге - 3 күн (жолға 2 күн);
  • әйелдерге, жалғыз басты әкелерге, 6-дан 9 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған қамқоршыларға - оқу жылы басталған бірінші күні;
  • мерейтойларына байланысты (50 және 60-жылдығы) -1 күн;
  • өтеусіз қан тапсырғаны үшін - 1 күн.

(Уақытында пайдаланылмаған әлеуметтік демалыс жыл сайынғы еңбек демалысына қосылмайды немесе басқа уақытқа ауыстырылмайды, өтеусіз қан тапсырғаны үшін демалыстан басқа).

3.2.10. Қызметкердің өтініші негізінде және басшының келісімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс мынадай жағдайларда (кемінде_____ күнтізбелік күн ішінде)ұсынылады:

  • тікелей емес туыстары, жақын достары және т. б. жерлеу – 1 күн;
  • екі және одан да көп 12 жасқа дейін балалары бар әйелдерге - 5 күн;
  • босанғаннан кейін әйелі демалыста болған ерлерге - 2 күн;
  • баласы үйленгенде - 2 күн;
  • жұбайы немесе балаларын әскерге жібергенде - 1 күн;
  • баласы туылғанда - 3 жыл

Барлық басқа жағдайларда жалақысы сақталмайтын демалыс басшысының қалауы бойынша беріледі.

3.2.11. Жұмыс беруші кәсіподақ органымен келісім бойынша көтермелеу тәртібімен жекелеген қызметкерлерге жыл сайынғы демалысқа ақылы қосымша демалыс ұсынады:

  • жұмыс уақытының жылдық нормасын толық игерген, яғни жыл ішінде ауруы бойынша _________ күнтізбелік күн алмаған адамдарға тағайындалады.

Аталған демалыс кезекті жыл сайынғы демалыспен қатар беріледі немесе қызметкердің қалауы бойынша жеке беріледі. Демалыстарды жиынтықтау екі жылдан аспауы тиіс. Жұмыстан босаған жағдайда пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төленбейді.

3.2.12. Қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылу мүмкіндігі туралы ақпарат Кәсіподаққа және жұмыспен қамту қызметіне кемінде екі ай бұрын ұсынылады.

3. Қызметкерлер міндеттенеді:

3.3.1. Белгіленген еңбек және демалыс режимін сақтауға.

3.3.2. Жоғары еңбек өнімділігі үшін жұмыс уақытын пайдалану.

3.3.3. Демалысқа дейін 2 апта бұрын тиісті құжаттарды ресімдеп, демалыс кестесіне сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысын пайдалану.

3.3.4. Жұмыс берушіні тәулік ішінде (ауыр жағдайдан басқа) уақытша жұмысқа жарамсыздығы қағазының ашылғаны туралы хабардар етуге.

4. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ

4.1. Жұмыс беруші міндеттенеді:

4.1.1. Кәсіподақ органымен келісім бойынша еңбек нормалары мен нормативтерін ескере отырып, қолданыстағы еңбек нормаларын әзірлеу, жаңасын енгізу, ауыстыру және қайта қарау.

4.1.2. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсандағы, 2015 жылғы № 1193 Мемлекеттік бюджет және қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге, ұйымдар қызметкерлеріне мемлекеттік еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрықтарына, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы мен Кәсіподақ арасында жасалған Келісімге, заңнама негізінде әзірленген еңбекақы төлемдері туралы ережелерге (Қосымша № 5) сәйкес жүргізуге.

4.1.3. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу оның еңбек үлесімен анықталады, максималды салықтармен реттеледі және берілген жұмыс көлемін орындау шартымен өлшемдері шектелмейді.

4.1.4. Жалақының ең төменгі мөлшері (базалық лауазымдық жалақы), есептеу үшін қабылданған тарифтік ставкалар мен мемлекет орнатқан лауазымдық жалақы мөлшерінен төмен болмауы мүмкін емес.

4.1.5. Ақылы қызмет көрсету есебінен алынған қаражат және олардан алынатын еңбекақы төлемдерінің мөлшері алынған табыстың _______ (40%) кем болмауы тиіс.

4.1.6. Еңбекақы төлемдері ай сайын әр айдың 10-на дейін жүргізіледі.

4.1.7. Сыйлық беру туралы ереженің негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне және кәсіби мерекеге орай қызметкерлерге орталықтандырылған тәртіппен біржолғы төлемдер жүргізуге (Қосымша № 6 )

4.1.8. Өткен жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу бір жылғы орындаған жұмыстың қорытындыларын қарағаннан кейін жүргізіледі, бірақ Еңбекақы төлеу туралы ереже негізінде ағымдағы жылдың сәуір айының _____ кешіктірілмеуі тиіс.

4.1.9. Банк мекемелері арқылы жалақы төлеу кезінде қызметкерлердің жеке шоттарына ай сайын жалақы аудару бойынша шығыстар Жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленеді.

4.1.10.Жыл сайынғы еңбек демалысы үшін жалақы төлеу демалысқа дейін кемінде 3 күн бұрын жүргізілуі тиіс. Егер Жұмыс беруші уақтылы төлем жүргізбеген жағдайда қызметкердің еңбек демалысы оның өтініші бойынша кейінге қалдырылады.

4.1.11. Түнгі жұмыстары үшін еңбекақы төлемі бір жарым есе мөлшерінде, жұмыскердің күндізгі ставкасын негізге алына отырып жүргізіледі; мереке және демалыс күндері еңбекке ақы төлеу бір жарым есе мөлшерінде, жұмыскердің күндізгі ставкасын негізге алына отырып жүргізіледі; үстеме жұмысқа ақы төлеу бір жарым есе мөлшерінде, жұмыскердің күндізгі ставкасын негізге алына отырып жүргізіледі.

4.1.12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрімен 28.12.2015ж. бекітілген №1053 «Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін қолдану бойынша ережелердің» 3-тармағына сәйкес жұмыс орны аттестаттаудан өтпеген жағдайда, қосымша ақылар мен үстемеақылар ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1193 қаулысымен белгіленген мөлшерінде жүргізіледі.

4.1.13. Өзінің негізгі жұмысымен қатар, еңбек шартында қарастырылған басқа лауазым бойынша қосымша жұмысты немесе уақытша жұмыста жоқ қызметкердің міндеттерін атқарғаны үшін қызметкерге қосымша ақы төленеді.

4.1.14. Кредиторлық берешек болмаған жағдайда, медициналық көмек көрсетудің көлеміне, сапасына қарай медициналық және медициналық емес қызметкерлердің жалақысына ынталандыру төлемдері белгіленеді.

4.1.15. Басшыларының сыйлықақы және өзге де сыйақы мөлшері мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіппен басшылардың қызметінің тиімділігін бағалау индикаторының белгіленген мәні тікелей ұйым қызметінің нәтижелеріне және жетістіктеріне тәуелді.

Басшы қызметкерлердің лауазымдық жалақысы және оның мөлшері орындалатын жұмыстың күрделілігі, ерекшеліктері және қызмет ауқымы және оған байланысты тәуекелдер және ерекшелігін ескере отырып, сараланып айқындалады.

4.1.16. Жұмыс беруші қызметкерге жағдайларды жазбаша хабардар ете отырып, жұмыс берушінің актісі негізінде оның ұйым алдындағы берешегін өтеу үшін жұмыскердің еңбекақысынан ұстап қалуларды жүргізеді:

а) жұмыс берушімен іссапарға байланысты берілген, сондай-ақ іссапарға байланысты растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, жұмсалмай қалған және уақтылы қайтарылған ақша сомаларын өтеу үшін;

б) еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзу жағдайларда қызметкерді оқытуға байланысты шарттың болуы кезінде, жұмыспен өте мерзіміне барабар мөлшерде жұмыс беруші жұмсаған оқу шығындарын өтеу үшін;

в) қызметкерге жалақысы есебінен берілген авансты өтеу үшін;

г) ауыстыру немесе ақылы еңбек демалысынан қайтарып алынған жағдайларда,;

д) қызметкердің жазбаша келісімі болған өзге де жағдайларда.

Бұл ретте, ай сайынғы ұстап қалулар қызметкерге тиесілі жалақының 50% - ынан аспауы тиіс.

4.1.17. Кәсіподақты:

  • нақты қызмсеткердің жүктеме нормаларын қайта қарау және белгілеу үшін;
  • мекеменің қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерін және қол жеткізілген еңбекақы деңгейін талдау үшін тартуға.

5. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

ҚР Еңбек кодексінің нормаларын басшылыққа ала отырып, тараптар еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың және кәсіби аурулардың алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылдар үшін қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесі құру қажеттілігі туралы келісімге келді. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың және кәсіби аурулардың алдын алу бойынша Жұмыс беруші мен Кәсіподақтың бірлескен іс-қимылын ұйымдастырады, сондай-ақ техникалық еңбек инспекторларымен жұмыс орындарында еңбек жағдайларын және қорғауды тексерулерді ұйымдастырады, қызметкерлерге көрсетілген тексерулердің нәтижелері туралы хабарлайды, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстарды жинауды ұйымдастырады.

5.1. Жұмыс беруші міндеттенеді:

5.1.1. ҚР Еңбек кодексінің талаптарына және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын, өндірістік тұрмысты қамтамасыз етуге.

5.1.2. Жұмыс орындарын аттестаттау ережесіне сәйкес зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкерлерге кәсіптік тәуекел сыныбы, жеңілдіктер мен өтемақы белгілеу және еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында белгіленген мерзімде жүргізуге.

5.1.3. Егер міндетті объектілерді аттестаттау жүргізілмеген болса, Жұмыс беруші қауіпті және зиянды факторлар деңгейіне қарамастан Тізім бойынша қызметкерге жеңілдіктер мен өтемақы төлеуге.

5.1.4. Еңбек жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға жылына бір қызметкерге заңнамада белгіленген ең төменгі жалақы деңгейінен 30% есебінде қаражат бөлуге; ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізуге, моральды және физикалық ескірген жабдықтарды ауыстыруға. Үй-жайларды жарықтандыру және температуралық режимін нормаға жеткізуге.

5.1.5. Қызметкерлер үшін еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өртке қарсы қауіпсіздік бойынша нұсқамалар өткізу. Жаңадан қабылданған, сондай-ақ басқа жұмыстан ауысқан қызметкерлерді еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықсыз жұмысқа жібермеуге.

5.1.6. Егер жұмысты жалғастыру оның өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға.

5.1.7. Қызметкерге зиянды және қауіпті жұмыс жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігін ескертуге.

5.1.8. Қызметкер денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдайда жұмысты орындаудан бас тартуға құқылы, бұл ретте оған барлық талап етілетін бұзушылықтарды жою мерзімі үшін орташа жалақы төленеді және әкімшілік тарапынан тәртіптік, құқықтық, экономикалық санкциялар қолданылмайды. Мұндай жағдайдың болу фактісін еңбекті қорғау қызметінің мамандары растайды.

5.1.9. Атқарып отырған лауазымы талаптарына сәйкес денсаулық жағдайына орай зиянды және қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге Жұмыс берушінің есебінен медициналық тексерулер ұйымдастыруға.

Медициналық тексеруден өтуден жалтарған жағдайда қызметкердің еңбек міндеттерін орындауына жол бермеуге және оны тәртіптік жауапкершілікке тартуға.

5.1.10. Қызметкерге оның кінәсінен болмаған жазатайым оқиға нәтижесінде толық немесе ішінара еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда, Жұмыс беруші ҚР заңнамасына сәйкес денсаулығына келтірген залал үшін шығындарды өтейді.

Асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтірілген зиянды өтеу құқығы бар азаматтарға, Жұмыс беруші ҚР заңнамасына сәйкес денсаулығына келтірген залал үшін шығындарды өтейді.

5.1.11. Өндірісте зардап шеккен қызметкерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының қорытындысы негізінде мүмкіндігінше жұмысқа орналастыруға және оның емделуге, протездеуге, кәсіптік қайта даярлауға жұмсаған шығындарын өтеуге.

5.1.12. Жұмыс беруші жәбірленушінің келісімімен МӘСК қорытындысына сәйкес оны жаңа мамандыққа оқытуды өз міндетіне алады, егер ол еңбек жарақатының (кәсіптік аурудан) салдарынан бұрынғы жұмысын орындай алмаса. Оқу кезінде жәбірленушіге еңбек жарақатынан (кәсіптік аурудан) алған мүгедектігі бойынша алатын жәрдемақыға қарамастан, орташа жалақы төленеді. Егер оқу ақылы болса, шығындарын Жұмыс беруші өтейді.

5.1.13. Берілетін арнайы киім және арнайы аяқ киім (№5 қосымша) және басқа да жеке қорғану құралдары Жұмыс берушінің меншігі болып табылады.

5.2. Қызметкерлер міндеттенеді:

5.2.1. Лауазымдық міндеттерін орындау кезінде еңбекті қорғау ережелері мен қауіпсіздік техникасын сақтауға;

  • жазатайым оқиғаның дәлме-дәл күні мен уақыты көрсетіле отырып, осы факті туралы Жұмыс берушіге дереу хабарлауға;
  • кәсіптік ауруға байланысты денсаулығының нашарлауы туралы Жұмыс берушіге дереу хабарлауға;
  • адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы Жұмыс берушіге дереу хабарлауға.

5.2.2. Еңбекті қорғау ережелері мен санитарлық гигиена зерттеуге және қатаң сақтауға.

5.2.3. Ақауы бар жабдықпен және құрал-саймандармен жұмыс істемеуге.

5.2.4. Зиянды еңбек жағдайыда жұмыс істейтін қызметкерлерге, әйелдерге, сондай-ақ 18 жасқа толмаған адамдарға медициналық тексеруден өтуден жалтармауға.

5.2.5. Арнайы киім және арнайы аяқ киім, басқа да жеке қорғану құралдары, көрсетілген құралдармен жұмыс істеу нормалармен қарастырылмаған болса, жұмыстан босаған немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде қайтарылуға жатады, сондай-ақ арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің кию мерзімі аяқталғаннан кейін және оларды жаңасына ауыстыруға. Қасақана бүлдіру немесе ұрлау фактісі жағдайларда қызметкер олардың құнын өтейді.

5.3. Кәсіподақ міндеттенеді:

5.3.1. Еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманың сақталуы және оны жақсарту бойынша іс-шараларды орындауы үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға.

5.3.2. Қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп болған жағдайда белгіленген жұмыс тәртібін тоқтату туралы ұсыныстар беруге және қауіп жойылғанға дейін оларды тоқтатуға қол жеткізуге.

5.3.3. Еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторларды сайлауға және оны арнайы оқытуға.

5.3.4. Қызметкерлердің денсаулығын сақтау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның шарттарын жақсарту ісінде әкімшілікпен тығыз жұмыс жасауға.

5.4. Кәсіподақ құқылы:

5.4.1.Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруге қатысуға.

5.4.2. Іс-шараларды орындау орындарында еңбекті қорғауды жақсарту мақсатында еңбекті қорғау жағдайына тексеру жүргізуге.

5.4.3. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар беруге және оларды жоюға қол жеткізуге.

6. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ КЕПІЛДІГІ

6.1. Жұмыс беруші міндеттенеді:

6.1.1. Ұйым құрылымының өзгеруіне байланысты барлық сұрақтар, оның қайта ұйымдастырылуы, штаттың немесе штат санын қысқарту Кәсіподақтың қатысуымен қаралады.

6.1.2. Атауы өзгерген, мүлкінің меншік иесі ауысқан немесе қайта ұйымдастыру жағдайында қызметкерлермен еңбек қатынастары жалғасады. Қатысуын қамтамасыз ету кәсіподақ іс-шараларды әзірлеу ескеретін мүдделерінің балансы міндетті.

6.1.3. Аттестаттау комиссиясының құрамына кәсіподақ өкілін қосу.

6.1.4. Қызметкердің атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі немесе орындайтын жұмысына біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу аттестаттау комиссиясы шешімінің негізінде жүргізіледі, оның құрамына қызметкерлер өкілі қатысуға тиіс.

6.1.5. Жол бермеуге кезеңінде Қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығы, оның ішінде жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбек демалысы кезінде еңбек шартын бұзуға жол бермеу.

6.1.6. Оқу орындарының түлектерін – алдын ала жасалған шарттар немесе өтінімдер бойынша келген жас мамандарды мамандығы бойынша жұмыспен қамтуға.

6.1.7. Жұмыспен қамту бойынша шаралар қабылдау. Осы мақсатта:

  • ұсынуға босаған жұмыс орындарын, бірінші кезекте, мамандығы және біліктілігін ескере отырып, өз ұйымының қызметкерлеріне ұсыну;
  • қызметкерге алда еңбек шартын бұзатынын ескерте отырып, бір мезгілде олардың кәсібі, мамандығы, біліктілігіне сәйкес, ал ол болмаған жағдайда – басқа, оның ішінде жалақысы төмен немесе қайта оқуды талап ететін жұмыс тауып беру;

6.1.8. Жұмыс беруші жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін бөлінген жұмыс орындары квотасын сақтау арқылы мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз етеді. Жұмыс орнына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді және мүгедектерге қолжетімділігін ескере отырып, жұмыс орындарын, қызметтік үй-жайларды соған лайық арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтайды.

6.1.8. Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедек-қызметкерлерді Жұмыс беруші кәсіптік оқытады немесе қайта оқытады.

6.1.9. Ана мен баланы қорғауды, әйелдерді әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады.

7. ТАРАПТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Тарап залал (зиян) келтіргені үшін басқа тарапқа Еңбек кодексіне және ҚР өзге де заңдарға сәйкес, сот шешімі негізінде, не ерікті түрде шығындарды өтейді.

Қалыпты өндірістік-шаруашылық тәуекел санатына жатқызылуы мүмкін залалды қызметкердің жауапкершілігіне жүктеуге жол берілмейді. Залал (зиян) келтірілгеннен кейін еңбек шартын тоқтату басқа тарапқа келтірілген залалды (зиянды) өтеу жөніндегі материалдық жауапкершіліктен босатпайды.

7.1. Жұмыс беруші міндеттенеді:

7.1.1. Заңсыз басқа жұмысқа ауыстыру жағдайында қызметкерге төленбеген жалақысын және өзге де оған тиесілі төлемдерді өтеуге, еңбек шартының талаптары біржақты өзгертілген жағдайда қызметкердің жұмыс орнына баруына, қызметкерді жұмыстан шеттетуге, еңбек шартын бұзуға жол бермеуге.

7.2. Қызметкерлері міндеттенеді:

7.2.1. Қызметкер өзіне сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың және қызметтік, коммерциялық құпияны және басқа құпия ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз ету үшін дербес жауапты болады.

7.2.2. Егер залал еңсерілмейтін күштің не аса қажетті қорғаныс нәтижесінде туындаған болса, сондай-ақ қызметкерге берілген мүліктің сақталуы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді жұмыс берушінің орындамауы кезінде Қызметкер жауапкершілікке тартылмайды.

7.2.3. Қызметкерді материалдық жауапкершілікке тарту қызметкерлердің ұсынған жазбаша түсініктемелерін ескере отырып, залал себебіне тексеру жүргізгеннен кейін жүзеге асырылады.

8. ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Тараптар әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамытуды, әлеуметтік және экономикалық дамудың, еңбек қатынастарын реттеудің негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кезінде оның мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді қажет деп есептейді және өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

* әлеуметтік әріптестік жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ететін құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар дайындау және ұжымдық еңбек дауларын шешудің тиімділігін арттыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру.

* Келісім комиссиясы арқылы еңбек қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл, ұжымдық және жеке еңбек дауларын реттеу бойынша оларға тәуелді барлық шараларды қабылдауға (қосымша № 7).

* Кәсіподақ пен Жұмыс беруші қызметінде бір-бірінің тарапынан араласу туралы ережені және заңнамалық және жалпы танылған халықаралық нормаларды сақтауға, оларды құру және жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуге, бірлескен жұмысты жалғастыру бойынша ұсыныстар дайындауға, құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған әлеуметтік әріптестік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және дамытуға, ұжымдық еңбек дауларын шешудің тиімділігін арттыруға.

• Кәсіподақ пен Жұмыс беруші қызметінде бір-бірінің тарапынан араласу туралы ережені және заңнамалық және жалпы танылған халықаралық нормаларды сақтауға, оларды құру және жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуге.

• Келісім комиссиясының мүшелерінің саны қызметкерлер мен жұмыс беруші өкілдерінің 3 (5-7) шегінде белгіленеді.

8.1. Жұмыс беруші міндеттенеді:

Жұмыс беруші қызметкерлеріне әлеуметтік саладағы заңда белгіленген жеңілдіктерге кепілдік береді және қызметкерлерін әлеуметтік қорғау бойынша шаралар мен қосымша мынадай жеңілдіктер ұсынуға міндеттенеді:

8.1.1. Кәсіподаққа мәдени-бұқаралық, сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін ай сайын (тоқсан сайын) ақша қаражатын аударуға.

8.1.2. Кәсіпорын қызметкерлерін мерейтойларымен (50 жыл, 60 жыл, 70 жыл) құттықтауға.

8.1.3. Штат қысқарған жағдайда жұмыста қалу құқығына басымдығы барлар:

  • ұйымға 10 жылдан астам жұмыс істеген адамдар;
  • 16 жасқа дейінгі балалары бар жалғызбасты аналар;
  • анасыз 16 жасқа дейінгі бала тәрбиелейтін әкелер.

8.1.5. Штаттың қысқаруы бойынша жұмыстан босатылған адамдардың бос орын болған жағдайда бірінші болып оралу құқығы бар.

8.1.6. Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша өз қаражаты есебінен әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақылар төлеуге.

8.1.7. Қызметкерге өрт болған жағдайда, ауыр сырқаттанағанда, онкологиялық аурулар немесе ағзасын жоғалту) 20 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсету.

8.1.8. Асыраушысынан айырылған жағдайда қызметкерге материалдық көмек көрсету.

8.1.9. Қызметкерді жерлеуді ұйымдастыру үшін 20 АЕК мөлшерінде отбасына материалдық көмек көрсетуге.

8.1.10. Бала туу кезінде материалдық көмек көрсету.

8.1.11. Барлық Кәсіподақ мүшелеріне жаңа жылдық сыйлықтар үшін қаражат бөлу.

8.1.12. Жүктілігі мен босануы бойынша демалысы, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс орташа жалақысы сақтала отырып, ҚР міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысын жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлемдер сомасын шегере отырып, төленеді.

8.1.16. ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы " Кодексінің 155-б. 8-тармағына сәйкес тексеру уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақатала отырып, ТМККК шеңберінде скринингтік тексерулер өту кезінде қызметкерлерді 2 жұмыс күніне босатуға;

8.1.17. Жұмыс беруші кезекті демалыстарды беру кестелеріне, ынталандыратын үстеме ақылар төлеу тәртібіне түзету енгізуге, сондай-ақ ТМККК шеңберінде скринингтік тексерулерді дәлелді себептерсіз өту жағдайында тұлғалардың жұмысына шектеу қоюға құқылы.

8.1.18. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша, "ҚР Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңына сәйкес зейнетақы жасына жетуіне байланысты қызметкерлермен еңбек шартын бұзу кезінде бір айлық лауазымдық жалақысы мөлшерінде өтемақы төленеді.

8.1.19. Жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінің тең санынан құрылған комиссияның оң шешімі болмаса, аттестаттау нәтижелерімен расталған біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан қызметкермен немесе қызметкерлер (штаттың) саны қысқарған жағдайда зейнеткерлік жасқа толғанға дейін кемінде екі жыл қалған қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға жол бермеуге.

8.1.20. Зейнеткерлік жасқа жеткен және жоғары кәсібилігімен және біліктілігін, оның жұмысқа қабілеттілігін, қарым-қатынасын және ұжымдағы мінез-құлық тәртібін ескере отырып, еңбек шарты жыл сайын ұзартылады.

8.2.Кәсіподақ міндеттенеді:

8.2.1. Жұмыс берушімен бірлесіп кәсіби және мемлекеттік мерекелер, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға.

8.2.2. Көмек көрсетеді:

  • оның жақын туыстары (балалары, ата-анасы) қайтыс болған жағдайда қызметкерлерге жерлеуді ұйымдастыру үшін материалдық көмек: 10000 теңге;
  • көп балалы немесе аз қамтылған отбасылардың 1-сыныпқа баратын балаларына оқу жылының басында, әр бала үшін - 10000 теңге;
  • қайырымдылық көмек үшін 10000 теңге мөлшерінде.

8.2.3. Сатып алуға:

Ішінара ақы төленетін қызметкердің санаториялық-курорттық емделуіне - кәсіподақ мүшесіне 20000 теңге көлемінде.

9. КӘСІПОДАҚТЫҢ ЖҰМЫС ШАРТТАРЫ

Жұмыс беруші Кәсіподақты өз мүшелерінің мүддесін білдіретін және құқықтарын қорғайтын, сондай-ақ осы шартқа қатысуға қарсы емес басқа да қызметкерлердің кәсіби-еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін көтеретін ұйым ретінде мойындайды. Кәсіподақтың ұйымның қызметіне қатысу және осы Шарт бойынша өкілеттіктер шегінде ақпарат алу құқығын мойындайды.

9.1.1. Жұмыс беруші міндеттенеді:

9.1.1. Өз ұйымында кәсіподақ жиналыстарын (конференциялар), отырыстарын және т. б. кәсіподақ іс-шараларын өткізуге кедергі жасамау.

9.1.2. Кәсіподақтың өтініші бойынша отырыстарына, жиналыстарына (конференциялар) тиісті лауазымды тұлғалардың қатысуын қамтамасыз етеді.

9.1.3. Кәсіподақ органдарына (лауазымды адамдарына) кәсіподақ мүшелерінің жұмыс орындарына кіру және болу құқығын қамтамасыз ету.

9.1.4. Кәсіподақ органдарына кәсіподақ қызметтерін қорғаумен байланысты қажетті ақпаратты беруге міндетті.

9.1.5. Кәсіподаққа жиhазбен жабдықталған, тегін қызметтік үй-жай беруге, қызметтік телефонды пайдаланғаны үшін абоненттік төлемнен босатуға, осы ұйымның қызметкерлеріне - кәсіподақ мүшелеріне қатысты үшін Кәсіподақ қызметімен байланысты кәсіподақтық құжаттарды тегін басып шығаруға және көбейтуге.

9.1.6. Кәсіподақ қызметі араласпау ережелері мен заңнамалық және жалпы танылған халықаралық нормаларды сақтауға, оның жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуге.

9.1.7. Кәсіподақ активіне оқудың басталғаны туралы жұмыс берушіге алдын ала ескерте отырып, жылына 5 жұмыс күнінен артық емес, орташа жалақысын сақтай отырып, негізгі жұмысынан қол үзіп курстарда оқу (семинарлар) мүмкіндігін беруге.

9.1.8. Ұйым бөлімшесі басшысының келісімімен кәсіподақ белсенділеріне жұмыс уақытында қоғамдық жұмыстарды орыныдауына рұқсат беруге.

9.1.9. Кәсіподақ мүшелерінің Кәсіподақ анықтаған құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жоюға.

9.2. Кәсіподақ міндеттенеді:

9.2.1. Әрбір қызметкердің - Кәсіподақ мүшесінің - кәсіподақ ұйымы арқылы оның мүдделерін қорғауға, сондай-ақ Шартқа қосылған Кәсіподақ мүшесіне емес қызметкерге осы ұжымдық шартқа енгізілген мәселелер бойынша қорғауға.

9.2.2. Еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін реттейтін заңнаманы сақтау үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға.

9.2.3. Еңбек өнімділігін арттыруға, өндірістік және еңбек тәртібін қамтамасыз етуге ықпал ету.

9.2.4. Қақтығыстардың, жеке және ұжымдық еңбек дауларының алдын алу бойынша қажетті шараларды қабылдауға.

9.2.5. Кәсіподақ мүшелерінің тапсырмасы бойынша олардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге.

9.2.6. Кәсіподақ мүшесінің Жұмыс берушімен ЕШ (немесе басқа шарт, келісім) жасау кезінде құқықтық консультациялық көмек көрсетуге.

9.2.7. Салауатты өмір салтын насихаттауға, мәдени-тәрбиелік және сауықтыру шараларын жүргізуге.

9.2.8. Кәсіподаққа тән әдістерімен және құралдарымен тиімді жұмысты ұйымдастыруға міндеттенеді.

10. ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ.

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТАР ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

10.1.1. Осы ұжымдық шарт 2017 жылғы "5" мамырда өз күшіне енеді және 2017 – 2019 жылды қоса алғанға дейінгі мерзімге жасалды. Ұжымдық шарт қол қойылған сәттен бастап жаңасын қабылданғанға дейін қолданылады, немесе әзірге тараптар жаңасын жасамайды, немесе осы шартты өзгертпейді немесе толықтырмайды.

10.1.2. Ұжымдық шарт күшінде қалады және ұйымның құрылымы және басқару органының құрамы өзгерген жағдайда қолданыла береді.

10.1.3. Ұжымдық шарт қайта ұйымдастыру (бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу, қайта құру, меншік иесі ауысқан кезде) кезеңінде өз күшін сақтайды. Кейіннен ұжымдық шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша қайта қаралуы мүмкін. Меншік иесі ауысқан кезде ұжымдық шарт алты ай ішінде сақталады.

10.1.4. Тараптар заңнамада белгіленген тәртіппен ұжымдық шарттың қолданылу мерзімі ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу өзара келісім бойынша жүргізіледі деген келісімге келді.

10.1.5. Осы Шартқа қол қойған кез келген тарап өздері қабылданған міндеттемелерді орындау үшін кедергі келтірмейтіндей, Шартты өзгерту және толықтыру туралы ұсыныстар енгізуге құқылы. Келісілгеннен кейін, бұл ұсыныстар Ұжымдық Шарттың қосымшасы болып табылады және бір апта мерзімде ұжымға жеткізіледі.

10.1.6. Ұжымдық Шартқа өзгерістер немесе толықтыруларды енгізу қажет ететін жағдайлар туған кезде, мүдделі тарап комиссия құру және келіссөздер жүргізу туралы ұсыныс береді. Келіссөздер тараптардың бірі ұсыныстар енгізген сәттен бастап, екі апта бойы жүргізіледі.

10.1.7. Тараптардың бірде-бірі осы Ұжымдық шарттың қызметін бір жақты тәртіппен тоқтатуға немесе тоқтата тұруға құқығы жоқ.

10.1.8. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімі аяқталған және жаңасы қабылданбаған жағдайда ескі ұжымдық шарттың ережелері жаңасын қабылдағанға дейін жарамды.

10.1.9. Ұжымдық Шарттың орындалуын бақылауды тараптардың тең өкілдігінен құрылған және бірлескен шешіммен бекітілген комиссия жүзеге асырады.

10.1.10. Осы Шарттын орындалуын бақылау жөніндегі комиссия мынадай өкілеттіктер мен міндеттері қолданады:

  • Шартты орындау қорытындысы бойынша әкімшілік пен Кәсіподақтың есептері үшін анықтамалық материал дайындайды;
  • тараптардың бастамасы бойынша Шарттың жекелеген ережелерін белгіленген тәртіппен түзету бойынша ұсыныстар дайындайды;
  • келесі кезеңге Шарт жобасын әзірлеуді жүзеге асырады немесе оны ұзарту жөнінде ұсыныстар дайындайды.

10.1.11. Тараптар жылына кемінде бір рет еңбек ұжымының жиналысында ұжымдық шарттың орындауы туралы есеп береді. Ұжымдық шартқа қол қойған екі тарап бірінші тұлғалары есеп береді.

10.1.12. Осы Ұжымдық Шартты жасасқан тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес қабылданған міндеттемелердің орындалуы үшін жауапты болады.

10.1.13. Ұжымдық Шарттың қолданылу мерзімі өткен соң, Ұжымдық Шартты ұзарту туралы арнайы Келісімнің жекелеген ережелеріне тиісті түзетулер енгізе отырып, Жұмыс берушімен және Кәсіподақпен ұзартылуы мүмкін.

10.1.14. Ұжымдық шарттың күші жұмыс берушіге және солардың атынан жасалған жұмыскерлерге, оған қосылған жұмыскерлерге таралады.

10.1.15. Тараптар қосымшалар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 12-бабында көзделген тәртіппен Кәсіподақтың пікірін ескере отырып, шығарылған болып саналады деп шешті.

Осы Шарт заңдық күші бірдей екі данада жасалып, қол қойылды.

__________________________________

Жұмыс беруші өкілінің аты-жөні

___________________________________

қолы

_________________________________________________

Заңды тұлғаның мекенжайы

__________________________________

__________________________________

___________________________________

Кәсіподақ өкілінің аты-жөні

___________________________________

қолы

____________________________________

Заңды тұлғаның мекенжайы

____________________________________

_____________________________

2017-2020 жж. Ұжымдық шартқа № 2 қосымша " __"қаңтар 2017 ж.

Кәсіподақтың келісімімен қабылданатын Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы "№21 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны актілерінің тізбесі:

1.Ішкі еңбек тәртіп ережесі

2. Жыл сайынғы еңбек демалысының кестесі

3. Ауысым кестесі

4. Қызметкерлердің еңбегіне ақы және өзге де сыйақы төлеу туралы ереже

5. Қызметкерлерге сыйақы беру туралы ереже

6. Келісім комиссиясы және еңбек дауларын қарау тәртібі туралы ереже

7. Штатты қысқарту және кәсіподақтың дәлелді пікірін ескере отырып, қызметкердің атқаратын лауазымына сәйкессіздігі немесе орындайтын жұмысына біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтар.

8. Еңбекті қорғау туралы бұйрықтар (өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау кеңесін құру бойынша, еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау жөніндегі комиссия құрамына қызметкерлер өкілінің қатысуы, сондай-ақ өндірісте жазатайым оқиғаларды тергеу бойынша)

2017-2020 жж. Ұжымдық шартқа № 3 қосымша " __"қаңтар 2017 ж.

АЛМАТЫ қаласы ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ "№21 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ ІШКІ ЕҢБЕК ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№21 қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) ішкі еңбек тәртіп ережесі (бұдан әрі – Ереже) Кәсіпорындағы еңбек қатынастарын реттейтін базалық құжаты болып табылады.

1.2. Осы Ереже 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-IV ҚРЗ Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Еңбек Кодексі), Кәсіпорынның Жарғысына және Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарындағы еңбек қатынастарын реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген.

1.3. Осы Ереже әзірленіп, төмендегі мақсатта енгізілді:

  • еңбекті ұтымды және тиімді ұйымдастыру есебінен емдік, диагностикалық, ұйымдастырушылық процестердің сапасын арттыру;
  • еңбек тәртібін нығайту, ұжым мүшелерінің еңбекке адал көзқарасын тәрбиелеу;
  • Кәсіпорын аумағында тиісті тәртіпті қамтамасыз ету.

1.4. Ереженің Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжат мәртебесі бар және оны қолдану міндетті.

1.5. Осы Ережеде белгіленген талаптарды бұзу еңбек тәртібін өрескел бұзу ретінде қарастырылады және шарты бұзылуына жол берген қызметкерге тәртіптік жаза қолдану үшін негіз болып табылады.

1.6. Осы Ереженің орындалуын бақылау мамандар бөлімінің инспекторына жүктеледі.

2. ЕРЕЖЕНІҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ

2.1. Осы Ереженің күші Кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне толық көлемде таратылады.

2.2. Кәсіпорында белгіленген жұмыс режимін, тәртіпті сақталуын қамтамасыз ету, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да материалдық құндылықтарды, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және гигиенаны қолдау бөлігінде осы Ереженің күші Кәсіпорындарда жұмыс істейтін бөтен ұйымдар өкілдеріне, жалға алу құқығы ретінде немесе басқа да Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған негіздер бойынша Кәсіпорынның үй-жайларын және жабдықтарын пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ білім алушыларға, дәрігер-интерндер және келушілерге таратылады.

2.3. Өз кезегінде, осы Ереженің күші штаттық қоса атқару және сағаттық еңбекақы төлеу жағдайларында Кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкерлерге толық көлемде таратылады.

2.4. Осы ережені қолданумен байланысты барлық сұрақтар өзіне берілген құқықтар шегінде Кәсіпорын басшылығымен шешіледі, ал Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда бірлесе немесе Кәсіподақпен келісе отырып, шешіледі.

3. КӘСІПОРЫН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1. Кәсіпорын өз қызметінде төмендегілерді басшылыққа алады:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын;
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін;
  • Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін (бұдан әрі – Еңбек Кодексі);
  • Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңын;
  • Кәсіпорынның Жарғысын.

3.2. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасында және Кәсіпорынның Жарғысында белгіленген емдік және диагностикалық процесстерді, кадрларды іріктеу мен орналастыру, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметтерді өз бетінше жүзеге асырады.

3.3. Тікелей Кәсіпорынды басқаруды Кәсіпорындағы істердің жай-күйі үшін басқарудың уәкілетті органы алдында жеке жауапкершілігі бар бас дәрігер жүзеге асырады.

4. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ТӘРТІБІ

4.1. Кәсіпорындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, ұжымдық шартпен, сондай-ақ Кәсіпорын және әрбір қызметкер арасында жасалған жеке еңбек шарттарымен реттеледі.

4.2. Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек міндеттерінің аясы бас дәрігермен бекітілген, Қазақстан Республикасында қолданыстағы тарифтік-біліктілік анықтамалықтарына, медициналық қызметкерлер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген. лауазымдық нұсқаулықтармен анықталады.

4.3. Кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығару тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен анықталады.

4.4. Еңбек тәртібі – Еңбек Кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Кәсіпорын Жарғысында, ұжымдық, еңбек шарттарында және ішкі нормативтік актілерде анықталған тәртіп ережесіне барлық қызметкерлердің бағынуы міндетті.

4.5. Кәсіпорындағы еңбек тәртібі Кәсіпорынның әкімшілігі қызметкерлердің жеке және ұжымдық еңбек тәртібін сақтауы үшін, сондай-ақ жұмысшылардың тәртіпті бұзғаны үшін тәртіптік жазаларды қолдану үшін қажетті сендіру, адал еңбегі үшін көтермелеу әдістерімен ұйымдастырушылық және экономикалық шарттарды құру арқылы қамтамасыз етіледі.

5. КӘСІПОРЫН ӘКІМШІЛІГІ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

5.1. Кәсіпорынның әрбір қызметкері атқарып отырған лауазымына, жалақы және өзге де еңбек жағдайларына қарамастан міндетті:

5.1.1. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының қызметкері мәртебесін жоғары ұстап тұру үшін:

1) адал және шынайы жұмыс істеу, Кәсіпорынның заңды мүдделерін сақтау, өз құқықтарын жүзеге асыруға және Кәсіпорынға қатысты адал және ақылға қонымды міндеттерін орындауға, іскерлік жағдайды сақтауға, қаржы немесе өзге де оның мүдделеріне залал келтіретін іс-әрекеттерден бас тартуға;

2) жолдастық ынтымақтастық қарым-қатынасты дамытуға және Кәсіпорынның басқа да қызметкерлерінің еңбегін құрметтеуге, өзара көмек көрсетуге;

3) белгіленген қоғамдық тәртіпті, жалпы қабылданған тәртіп нормаларын сақтауға, сыпайы болуға, өзін лайықты ұстауға, тыныш іскерлік ахуалды сақтауға, басқа қызметкерлерге олардың міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-қимылдан бас тартуға.

5.1.2. Еңбек тәртібін қолдау аясында:

1) онымен жасалған еңбек шарты талаптарын адал атқару, осы ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтау;

2) еңбек тәртібін сақтау: жұмысқа уақытылы келу, белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын сақтау, жұмыс уақытын тиімді және ұтымды пайдалану;

3) сырқаттануына байланысты немесе басқа да себептер бойынша жұмысқа шығу мүмкін болмаған жағдайда, бұл туралы өзінің тікелей басшысына, ал ол болмаған кезде - жоғары тұрған басшыға дереу ескерту;

4) Кәсіпорын әкімшілігіне еңбек тәртібінің бұзылуының алдын алуға және жолын кесуге қажетті жәрдем көрсету.

5.1.3. Өзінің кәсіби және еңбек қызметі шеңберінде:

1) жоғары кәсіби дайындықты меңгеру, атқаратын жұмысының пәндік облысын толық жақсы меңгеру, лауазымдық міндеттерді дәл және уақтылы орындау, қажетті бастамашылдығы мен табандылығын таныту, өзінің мәдени деңгейін үнемі арттыру;

2) орындалатын жұмысының пәндік облысын реттейтін Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білу және зерттеу;

3) жұмысына қатысты негізделген шағымдар мен ескертулерді дереу жоюды қамтамасыз ету;

4) Кәсіпорынның жоғары тұрған басшы мен жауапты лауазымды адамдарды дереу хабардар етуге:

- өз лауазымдық міндеттерін орындауға мүмкіндік бермейтін немесе қиындататын кез келген штаттан тыс жағдайлар немесе проблемалар туындаған кезде;

- тиісті лауазымдық міндеттерін орындау үшін қандай да бір құжаттар құралдарына, материалдарға немесе ресурстарға (еңбек, материалдық, қаржылық және басқа да) қажеттілік туындаған жағдайда;

- құпия ақпаратты тасығыштардың, куәліктердің, режимдік үй-жайлардың, сейфтердің (металл шкафтардың) кілттері, жеке мөрлердің және құпия ақпаратты жария ету мүмкіндігі бар басқа да фактілердің, сондай-ақ ақпараттың сыртқа шығу мүмкіндігі бар жағдайлары мен себептері туралы мәліметтердің жоғалғаны, жетіспеушілігі кезінде.

5.1.4. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау тәртібі мен талаптарын ұстау шеңберінде:

1) өз жұмыс орнын, жабдықтарды тазалықта, тәртіпте және ақаусыз ұстау, Кәсіпорын аумағында және ортақ пайдаланудағы үй-жайларда тазалықты және тәртіпті сақтау;

2) қызметтік үй-жайларды қараусыз қалдырмау;

3) жұмыстан кетерде жарықты, компьютерлер, принтерлер және басқа да электр аспаптарының өшірілуін мұқият тексеру, терезелер, желкөздер, есіктерді жабу;

4) жұмыс күні аяқталғаннан кейін кабинеттің кілтін вахтада қалдыру;

5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және жұмыс орнындағы өндірістік санитария бойынша талаптарды сақтау;

6) берілген арнайы киімді, арнайы аяқ киімді, басқа да жеке қорғану құралдарын пайдалану;

7) Кәсіпорын әкімшілігіне адамдардың өмірі мен денсаулығына, Кәсіпорынның қызметкерлері мен мүлкінің сақталуына қауіп-қатер төндіретін жағдайлар немесе Кәсіпорында туындаған әрбір жазатайым оқиға туралы дереу хабарлауға, аталған оқиғалардың зиянды салдарын жою үшін ықтимал шараларды қабылдауға;

8) өзінің денсаулық жай-күйінің нашарлауы туралы өзінің тікелей басшысына немесе жоғары тұрған басшыға дереу хабарлауға, оның ішінде, қатерлі кәсіптік ауру (улану) белгілерінің пайда болуы туралы;

9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеру, еңбекті қорғау бойынша нұсқама, өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсету, еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету;

10) міндетті медициналық тексеріп-қараудан өту.

5.2. Осы Ереженің 5.1-тармағында көзделген міндеттемелерден басқа, медициналық және басқа да қызметкерлер міндетті:

1) тиісті түрде өз кәсіби міндеттерін орындауға, емделушілерге құрметпен және ізгілікпен қарауға, медициналық этика және деонтология принциптерін басшылыққа алуға;

2) азаматтардың ауруларының профилактикасына және денсаулығын нығайтуға жәрдемдесу;

3) халық арасында медициналық білімді және салауатты өмір салтын насихаттау;

4) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс Кодексін сақтауға, дәрігерлік құпияны сақтауға, азаматтардың аурулары, ішкі және отбасылық өмірі туралы мәліметтерді жария етпеуге;

5) қажет болған жағдайларда басқа бейіндегі немесе біліктілігі неғұрлым жоғары мамандардан консультация алуға.

6) сенімді қызметкеріне немесе оған еңбек міндеттерін орындауға байланысты мəлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;

5.3. Кәсіпорынның әрбір қызметкері құқылы:

1) Кәсіпорын басшылығынан ұжымдық шартта, еңбек шартында, Кәсіпорынның ішкі нормативтік актілерінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында көзделген кепілдіктерді, жеңілдіктер мен өтемақыларды талап етуге;

2) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;

3) еңбек жағдайы және еңбекті қорғау жағдайы туралы толық және анық ақпарат алуға;

4) Кәсіпорын басшылығынан және Кәсіподақтан ұжымдық шарттың орындалуы бойынша объективті ақпарат алуға;

5) еңбек процесіне және оның абыройына, құқықтарына, міндеттері мен кепілдіктеріне байланысты Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарының және ұжымдық шарттың мазмұнымен танысуға;

6) ұжымдық шарттың және еңбек шартының талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақыны төлеуге;

7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына;

8) бірлестік құру, кәсіподақ немесе басқа да бірлестіктер құру құқығын қоса алғанда, сондай-ақ өзінің еңбек құқықтарын пайдалану және қорғау үшін оларға мүшелікке кіруге және Қазақстан Республикасы еңбек заңдарында өзгеше көзделмесе;

9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және Кәсіпорын актілерінде көзделген тәртіппен кәсіптік даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге және өзінің біліктілігін арттыруға;

10) еңбек міндеттерін орындаумен байланысты оның денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге;

11) Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандыруға;

12) кепілдіктер мен өтемақы төлемдеріне;

13) заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға;

14) еңбек дауын шешу үшін қолданылып жүрген еңбек туралы заңнамаларда көзделген тәртіппен келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге;

15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына, кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етуге;

16) кемінде бес жылда бір рет біліктілік деңгейін арттыруға;

17) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға.

5.4. Кәсіпорын басшылығының негізгі міндеттері.

5.4.1. Кәсіпорын басшылығы Кәсіпорынның жарғылық міндеттерінің, қолданыстағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді, емдеу-диагностикалық процеске, қызметкерлердің еңбегіне қатысты барлық шараларды дұрыс ұйымдастыру және лауазымды міндеттерін орындауы, осы Ереженің бұзылуының жолын кесу үшін қажетті жағдайлар жасау, осыған орай, Кәсіпорын басшылығы міндеттенеді:

1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, ұжымдық шарттың, Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауға міндетті;

2) Кәсіпорынды тиімді дамытуға бағытталған қызметкерлердің еңбегін дұрыс ұйымдастыруға;

3) қызметкерлерді ұжымдық шартпен, Кәсіпорын қызметінің ұйымдастырушылық мәселелеріне және қызметкерлердің орындайтын жұмысына қатысты Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарымен таныстыруға;

4) еңбек тәртібін жан-жақты нығайтуға;

5) жарамды үй-жайларды, жабдықтарды, жылыту жүйелерін, жарықтандыруды, желдеткіштерді ұстауды қамтамасыз етуге;

6) қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері талаптарының сақталуын бақылауға;

7) тәртіпті бұзушыларды қатаң жазаларға тартуға және лауазымдық міндеттерін орындау кезінде көзге түскен қызметкерлерді марапаттауға;

8) егер жұмысты жалғастыру оның өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, қызметкерлердің және өзге де тұлғалардың жұмысын тоқтата тұруға;

9) қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырумен байланысты жұмысты қоса атқару үшін қажетті жағдайларды жасауға;

10) Кәсіпорынның жұмысын жақсартуға бағытталған қызметкерлердің ұсыныстарын уақытында қарастыру және енгізуге.

5.4.2. Кәсіпорын қызмыеткерін жұмысқа қабылдау және басқа жұмысқа ауыстыруы кезінде Кәсіпорын басшылығы міндетті:

1) қызметкерді тапсырылған жұмыспен таныстыруға, қызметкерге еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеу және оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;

2) қызметкерді осы Ережемен, Кәсіпорынның, тиісті құрылымдық бөлімшелердің жұмыс режимімен таныстыруға;

3) қызметкерге техникалық қауіпсіздік ережелері, өндірістік санитария, өртке қарсы қауіпсіздік бойынша, ал жұмысқа қабылдау кезінде қауіптілігі жоғары жұмыс туралы нұсқама беруге - арнайы оқу өткізу және еңбекті қорғау ережелерін білуі бойынша аттестаттауды өткізуге.

5.4.3. Кәсіпорын басшылығы құқылы:

1) жұмысқа қабылдау кезінде еркін таңдауға;

2) Еңбек Кодексіне сәйкес негіздер бойынша және белгіленген тәртіппен қызметкерлермен жасалған еңбек шартын өзгертуге, толықтыруға;

3) өз өкілеттіктері шегінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтай отырып, Кәсіпорынның ішкі нормативтік актілерін шығаруға (бұйрықтар, өкімдер, ережелер, нұсқаулықтар және өзге де актілер);

4) өкілдік ету және өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында бірлестіктер құруға және оларға кіруге;

5) әрбір қызметкердің, онымен жасалған еңбек шартының, ұжымдық шарттың, осы Ережеленің және Кәсірорынның басқа да актілерінің талаптарын орындауын талап етуге;

6) қолданыстағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жазалар қолдануға, материалдық жауапкершілікке тартуға;

7) қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруы кезінде өтеуге Кәсіпорынға келтірген зиянын өтеуге.

5.5. Басшылық және Кәсіпорынның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, ұжымдық шартта, осы Ережеде және Кәсіпорынның өз өкілеттігі шегінде шығарған ішкі нормативтік актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға құқықтары бар.

6. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

6.1. Кәсіпорында қызметкерлердің еңбек қызметін бағалаудың мынадай негізгі өлшемдері қолданылады:

  • жоғары кәсіби білім деңгейі;
  • алға қойылған міндеттерді шешудегі кәсіби тәсілі;
  • орындайтын жұмысына адалдығы;
  • жұмысындағы жеделдігі, дәлдігі мен ұқыптылығы;
  • жасаған жұмысының тиімділігі және нәтижелілігі;
  • еңбек, атқарушылық және технологиялық тәртіпті бұзушылықтардың болмауы;
  • емделушілер, құрылымдық бөлімшелер мен Кәсіпорын басшылығы, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары тарапынан орындалған жұмысқа негізді шағымдардың және жұмыс нәтижелеріне теріс бағалаудың болмауы.

6.2. Кәсіпорын қызметкерінің еңбек қызметі бағалау тұрақты негізде жүргізіледі:

  • құрылымдық бөлімшенің басшысы;
  • бас дәрігердің, бөлімшелер бойынша орынбасарлары;
  • бас дәрігер.

6.3. Қызметкердің (қызметкерлердің) кәсіптік және біліктілік даярлығы деңгейін, іскерлік қасиеттерін, қызметкердің(лер) лауазымына сәйкестігін анықтау мақсатында, Кәсіпорын осы Ережеде және Кәсіпорынның ішкі нормативтік актілерінде белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізуге құқылы.

6.4. Аттестация қызметкерлердің белгілі бір санаттарына қатысты, сондай-ақ жеке қызметкерге қатысты жүргізілуі мүмкін.

6.5. Аттестаттаудан өткізу Кәсіпорын басшылығымен жоспарлы түрде, тәртіптік жаза бар болған жағдайда, сондай-ақ қызметкерлердің, пациенттер мен үшінші тұлғалардың шағымдары мен өтініштері, мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының нұсқаулары негізінде жүргізіледі.

6.6. Аттестациялауды өткізу үшін Кәсіпорын қызметкерлерінің арасынан, қажет болған жағдайда басқа тиісті мамандарды тарта отырып, аттестациялық комиссия құрылады. Аттестаттау комиссиясының құрамы және аттестация өткізетін күн әрбір жекелеген жағдайда бас дәрігердің бұйрығымен белгіленеді. Аттестациялық комиссия құрамына Кәсіподақтың өкілі қатысуға тиіс.

6.7. Кәсіпорын басшылығы шешім қабылдау үшін бағалау нәтижелері негіз болып табылады:

  • тәртіптік жаза қолдану туралы;
  • қосымша оқуға жіберу туралы;
  • атқарып отырған қызметінен босату туралы; сондай-ақ жұмыскердің жұмысына қатысты басқа да шешімдер.

7. ЕҢБЕК ТӘРТІБІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ

7.1. Осы Ереженің мақсаттары үшін, "тәртіптік теріс қылық" дегеніміз-қызметкердің еңбек тәртібін бұзуы, сондай-ақ еңбек міндеттерін құқыққа қайшы келетіндей кінәмен орындамауы немесе тиісінше орындамауы.

7.2. Тәртіптік жаза түрлері.

7.2.1. Қолданыстағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, қызметкердің тәртіптік теріс қылығы үшін Кәсіпорында қолданылатын тәртіптік жазаның мынадай түрлері бар:

  • ескертулер;
  • сөгіс;
  • қатаң сөгіс;
  • Еңбек Кодесінде көзделген жағдайларда Кәсіпорын басшылығының бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылады.

Еңбек Кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.

7.3. Тәртіптік жазаны және шағымдануды қолдану тәртібі.

7.3.1. Тәртіптік жаза жұмыс берушінің актісін (бұйрығы) шығару жолымен жүргізіледі.

7.3.2. Кәсіпорын басшылығы қызметкерден тәртіптік жаза қолдануға дейін жазбаша түсініктеме алуға міндетті. Егер екі жұмыс күні ішінде қызметкер жазбаша түсініктеме бермеген болса, тиісті акт жасалады. Қызметкердің жазбаша түсініктеме бермеуі тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі болмайды.

7.3.3. Тәртіптік жазаның түрін айқындау кезінде Кәсіпорын басшылығы жасалған тәртіптік теріс қылықтың мазмұнынын, сипатын және ауырлығын, оның жасалу мән-жайларын, жұмыскердің алдыңғы және одан кейінгі тәртібін, оның еңбекке қатынасын ескеруге тиіс.

7.3.4. Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін қызметкерге бір тәртіптік жаза ғана қолданыла алады.

7.3.5. Тәртіптік жаза қолдану туралы Жұмыс берушінің актісі (бұйрығы):

  • қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауы бойынша жұмыс уақытында;
  • демалыста немесе вахтаарлық демалыста болған;
  • қызметкер іссапарда болған кезеңде шығарылмайды.

7.3.6.Тәртіптік жаза қолдану туралы акт шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған жұмыскерге қолын қойғызып хабарланады. Жұмыскер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас

тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде бұл туралы тиісті жазба

жасалады.

7.3.7.Жұмыскерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, жұмыс берушінің актісі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс беруші жұмыскерге хабарламасы бар хатпен тәртіптік жаза қолдану туралы актінің көшірмесін жіберуге міндетті.

7.3.8. Еңбек Кодексінде белгіленген тәртіпте жұмыскер тәртіптік жаза қатысты шағым беруге құқылы.

7.4. Тәртіптік жаза қолдану мерзімдері.

7.4.1. Тәртіптік жаза осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тікелей тәртіптік теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей қолданылады;

7.4.2. Тәртіптік жазаны – тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты ай өткеннен кейін, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген немесе ревизия немесе жұмыс берушінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру

нәтижелері бойынша тәртіптік теріс қылық анықталған жағдайларда жұмыскер тәртіптік теріс қылық жасаған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін қолдануға болмайды. Көрсетілген мерзімдерге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу уақыты

кірмейді.

7.4.3. Жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау үшін жұмыстан босатылуына, демалыста, іссапарда немесе вахтааралық демалыста болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында тәртіптік жаза қолдану мерзімінің барысы тоқтатыла тұрады.

7.5. Тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі.

7.5.1. Тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі оны қолданған күннен бастап алты айдан аспауға тиіс, жұмыс берушінің бастамасы бойынша осы Ережеде және қолданылып жүрген еңбек туралы заңнамада көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу жағдайын қоспағанда. Егер осы мерзім ішінде қызметкер жаңа тәртіптік жазаға тартылмаған болса, оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.

7.5.2. Кәсіпорын қызметкердің өз бастамасымен немесе оның тікелей басшысының өтініші бойынша Кәсіподақтың ұсынысы бойынша тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға құқылы.

8. ЖҰМЫС РЕЖИМІ

8.1. Жұмыс аптасы.

8.1.1. Кәсіпорында жұмыс аптасының мынадай түрлері белгіленеді:

1) бес күндік жұмыс аптасы, медициналық персонал үшін Кәсіпорынның кезекшілік кестесіне сәйкес сенбі күндеріндегі кезекшілік міндетті (айына бір сенбі жұмыс күні);

2) бес күндік жұмыс аптасы және екі демалыс күні - сенбі және жексенбі, әкімшілік қызметкерлері үшін;

3) сенбі күндеріндегі кезекшілік кестесін бас дәрігер бекітеді.

Жұмыс уақытының ұзақтығы.

8.1.2. Қолданылып жүрген еңбек заңдарында жұмыс уақыты ұзақтығының мынадай түрлері көзделеді:

1) ұзақтығы қалыпты;

2) ұзақтығы қыысқартылған;

3) толық емес жұмыс уақыты.

8.1.3. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы:

1) медициналық персонал, әкімшілік, сондай-ақ көмекші қызметтер және басқа да персонал үшін аптасына 40 сағаттан құрайды.

8.1.4. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді:

1) он сегіз жасқа толмаған:

а) үшін жасы он төрт пен он алты жас аралығыныдағы жұмыскерлер үшін аптасына 24 сағат;

б) он алты жастан он сегіз жасқа дейін – аптасына 36 сағат;

2) Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті

жұмыстарда істейтін жұмыскерлер үшін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес аптасына 36 сағаттан

аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

3) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар жұмыскерлерге - аптасына 36 сағаттан артық емес.

8.2. Күнделікті жұмыс ұзақтығы.

8.2.1. Күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығы:

1) бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық норма 36 (бірінші және екінші топтардағы мүгедектерді қоспағанда) болғанда - 7 сағат 12 минуттан, апталық 24 сағат болғанда - 5 сағаттан аспауы тиіс. Күнделікті жұмыс ұзақтығы (жұмыс ауысымы) бірінші және екінші топтардағы мүгедектер үшін 7 сағаттан аспауға тиіс.

8.3. Жұмыс уақытының режимі.

8.3.1. Кәсіпорынның медициналық персоналының жұмыс режимі ауысымды, құрылымдық бөлімшелердің ішкі тәртіп ережелерін ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, белгіленеді.

8.3.2. Өндірістік процестің ұзақтығы күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан артық болатын тіркеу орындарында, құрылымдық бөлімшелерде, жылжымалы жұмысы кестесі бойынша белгіленеді.

8.4. Үстеме жұмыстар.

8.4.1. "Үстеме жұмыс" деп Кәсіпорын басшылығының бастамасы бойынша белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығынан тыс қызметкердің орындайтын жұмысын айтамыз.

8.4.2. Үстеме жұмыстарға жіберілмейді:

а) жүктілігі туралы анықтамасы бар жүкті әйелдер;

б) он сегіз жасқа толмаған адамдар жұмыскерлер;

в) мүгедектер.

8.4.3. Үстеме жұмыстарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, тек қызметкердің жазбаша келісімімен тартуға жол беріледі.

8.4.4. Үстеме жұмыс істеген әрбір қызметкер үшін тәулік ішінде-екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және/немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстарда - бір сағаттан аспауы тиіс. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағат және жылына жүз жиырма сағаттан аспауы тиіс.

8.4.5. Сағаты бойынша еңбекақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа қызметкердің күндізгі (сағаттық) ставкасынан кемінде бір жарым есе мөлшерде көтерілген бағамен төленеді. Келісімді жұмысқа ақы төлеу кезінде үстеме жұмыстары үшін ақы мөлшері белгіленген күндізгі (сағаттық) ставкасының елу кем болмауы тиіс.

8.5. Демалыс, мереке күндері және түнгі уақыттағы жұмыс.

8.5.1. Кәсіпорынның бастамасы бойынша демалыс және мереке күндері жұмысқа қызметкердің жазбаша келісімімен жол беріледі, олардың жазбаша келісімі талап етілмейтін төмендегі жағдайларды қоспағанда:

  • төтенше жағдайлардың, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны алдын-алу үшін не олардың зардаптарын дереу жою үшін;
  • еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың, мүліктің сынуын немесе бүлінуінің алдын алу үшін және тергеп-тексеру үшін;
  • алдын ала күтпеген жұмыстарды шұғыл орындау үшін, тұтастай Кәсіпорынның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмысы осылардың жедел орындалуына тәуелді болатын жағдайларда.

8.5.2. Кәсіпорынның бас дәрігерінің бұйрығы негізінде қызметкердің бастамасы бойынша демалыс және мереке күндері жұмысқа рұқсат етіледі.

8.5.3. Демалыс және мереке күндері жұмысы үшін қызметкердің қалауы бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немесе қызметкердің күндізгі (сағаттық) ставкасынан кем дегенде бір жарымдық мөлшерде арттырылған еңбекақы төленеді.

8.5.4. Демалыс, мереке күндері қызметкерлерді жұмысқа тарту Еңбек Кодексімен белгіленген шектеулерді сақтай отырып, жүргізіледі.

8.6. Демалыс

8.6.1. Кәсіпорынның қызметкерлеріне жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына көзделген демалыстардың басқа түрлері де беріледі.

8.6.2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы: − негізгі демалыс;

  • қосымша демалыс деп екіге бөлінеді.

8.6.3. Жыл сайынғы кезекті ақылы еңбек демалысының кезектілігі қызметкерлердің пікірін ескере отырып, Кәсіпорын басшылығы бекітетін демалыс кестесімен айқындалады, демалыс не тараптардың келісімімен белгіленеді. Өндірістік қажеттілікке байланысты демалыс кестесі өзгерген жағдайда, Кәсіпорын басшылығы еңбек демалысы басталмай тұрып, кем дегенде екі апта бұрын бұл туралы қызметкерге хабарлауға міндетті.

8.6.4. Кәсіпорынның қызметкерлеріне жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және ұжымдық шартта белгіленген күнтізбелік күндерге сәйкес белгіленеді.

8.8.5. Жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы мереке күндерін есептемегенде, еңбек демалысы күндеріне, қолданылатын жұмыс режимі мен ауысым кестесіне қарамастан, күнтізбелік күндермен есептеледі.

8.6.6. Кәсіпорынның қызметкерлеріне берілетін әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері бар:

  • еңбекақысы сақталмайтын демалыс;
  • оқу демалысы;
  • жаңа туған баланы (балаларды) босануымен, (балаларды) асырап алуымен байланысты демалыс;
  • үш жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыс.

8.6.7. Еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша қызметкердің өтініші негізінде жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. Еңбекақысы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы Кәсіпорынның басшылығымен айқындалады.

8.6.8. Демалыс қызметкердің жазбаша өтініші негізінде және құрылымдық бөлімшенің басшысының келісімі бойынша Кәсіпорын басшылығы мынадай жағдайларда кемінде бес күнтізбелік күн еңбекақысы сақталмайтын демалыс беруге міндетті:

  • қызметкердің немесе оның балаларының некесін тіркеу;
  • бала туылғанда;
  • жақын туыстары қайтыс болғанда;
  • 12 жасқа дейін екі және одан да көп баласы бар әйелдерге 1 рет;
  • жаңа мекенжайға көшу.

8.6.9. Жүкті әйелдерге, бала (балаларды) туған әйелдерге (еркектерге), жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге бала туғанына байланысты мынадай демалыстар:

  • жүктілігі мен босануына байланысты демалыс;
  • жаңа туған баланы (балалар) асырап алған қызметкерге;
  • үш жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыс.

8.6.10. Бала (балаларды) туған әйелдерге (еркектерге), жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге берілетін демалыс Еңбек Кодексінде көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

8.6.11 Жекелеген немесе жұмыскерлер топтарының санаттары үшін Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарымен және еңбек шарттарында көзделуі мүмкін өзге де жұмыс режимі қарастырылады.

9. ҮЙ-ЖАЙЛАРДАҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ТӘРТІП

9.1. Ғимаратты күзету, мүлікті қорғау және олардың өртке қарсы және санитарлық жай-күйі бас дәрігерінің бұйрығымен Кәсіпорынның әкімшілік-шаруашылық қызметкерлердің және басшы қызметкерлердің ішінен белгілі бір тұлғаларға жүктеледі.

9.2. Кәсіпорынның барлық үй-жайларында тазалықты және тәртіпті көмекші қызмет бөлімінің қызметкерлері қамтамасыз етеді. Үй-жайларды жинау үшін қызмет көрсетушілер ішінен нақты қызметкерлерді бекіту тиісті құрылымдық бөлімше басшыларына жүктеледі.

9.3. Үй-жайларда және Кәсіпорын аумағында тыйым салынады:

1) алкогольді, құрамында спирті бар сусындарды әкелуге және ішуге, алкогольдік, есірткілік немесе олардың аналогтарын пайдаланып, уытқұмарлыққа салынып, мас күйінде жұмысқа келуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған өзге де әрекеттерді жасауға;

2) жарылғыш, тез тұтанатын және уландырғыш заттарды, оқ-дәрімен атылатын, газды және суық қаруды әкелуге;

3) карта ойнауға;

4) белгіленбеген орындарда темекі шегуге;

5) былапыт сөздерді айтуға және өзге де қоғамға қарсы мінез-құлық көрсетуге;

6) санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларды бұзуға;

7) Кәсіпорын басшылығының рұқсатынсыз қабырғаларға, үстелдерге және басқа орындарда қандай да бір жазулар мен суреттер, хабарландыруларды ілуге және жапсыруға;

8) Кәсіпорынның мүлкін бүлдіруге немесе оны мақсатына сәйкес пайдаланбауға, тазалығы мен тәртібін бұзатын іс-әрекет жасауға;

9) айқайлауға, шулауға, музыкалық аспаптарда ойнауға, тыныштықты бұзатын және негізгі процеске кедергі жасайтын басқа іс-әрекеттер жасауға;

10) дыбысты күшейтетін және дыбысты жаңғыртатын аппаратура пайдалануға (іс-шараларды жүргізумен байланысты келісілген жағдайларды қоспағанда);

11) Кәсіпорынның режимдік және бөлінген үй-жайларда кино-, фото - және бейне түсіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ Кәсіпорын басшылығының рұқсатынсыз Кәсіпорын аумағында және үй-жайларда кәсіби кино-, фото - және бейне түсіруге;

12) Кәсіпорын басшылығының рұқсатынсыз қолдан, үстелдердің жанына, науалар мен басқа да осындай іс-шаралармен сауданы жүзеге асыруға, сондай-ақ өзге де ақылы қызмет көрсетуге (жөндеу, жалға беру, бейне және дыбыс жазу және т. б.).

10. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

10.1. Бұл Ереже Кәсіпорынның еңбек ұжымы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін негізгі талаптарды анықтайды.

10.2. Кәсіпорынның ішкі актілерімен Кәсіпорынның жұмыс режимі, жұмыскерлердің еңбек және демалыс режимі, Кәсіпорындағы еңбек қатынастарын реттейтін басқа да шарттары және қосымша талаптары көзделуі мүмкін.

10.3. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Кәсіподақтың келісімі бойынша Кәсіпорынның бас дәрігерінің бұйрықтарымен және өкімдерімен енгізіледі.

10.4. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы, осы Ереже шарттарына қатысты қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту жағына өзгерген жағдайда, түзетілуге жатады, ал қатаңдату жағына қарай өзгерген кезде - осы Ережелер өзгеріссіз қолданылады.

10.5. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген кез келген жағдайларда еңбек жағдайлары шарттарының күші басымдыққа ие болады. Сәйкес келмеген жағдайда, осы Ереженің немесе жекелеген жағдайларды және осы Ережеде көзделген талаптарына, қолданыстағы заңнама талаптары және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы қолданылады.

10.6. Ережелері ұжымдық шартқа қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және ұжымдық шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын (Қосымша №3). Ереженің әрекет ету мерзімі шектеусіз (тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізгенге немесе жаңа ережені қабылдағанға дейін).

2017-2020 жж. Ұжымдық шартқа № 4 қосымша " __"қаңтар 2017 ж.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№21 қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс күнінің ұзақтығын көрсете отырып,

негізгі және қосымша демалыс алуға құқығы бар мамандықтар (лауазымдар) тізбесі

Лауазым атауы

Жұмыс күнінің ұзақтығы1

Негізгі ақылы демалыс ұзақтығы

Қосымша ақылы демалыс ұзақтығы

Қосымша демалыстарды қолдану негіздемесі

I

Әкімшілік және жалпы емханалық қызметкерлер

Бас дәрігер

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ЕК 89-б. 3-т.

Бас дәрігердің емдеу - профилактикалық жұмысы жөніндегі орынбасары

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ЕК 89-б. 3-т.

Бас дәрігердің орынбасары (медициналық қызметтердің сапасын бақылау міндеттерін жүктей отырып)

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ЕК 89-б. 3-т.

Бас мейіргер

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСӘДМ 28.12.2015ж. № 1053 бұйрығының 43-б. 163-т .

Сарапшы дәрігер

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСӘДМ 28.12.2015ж. № 1053 бұйрығының 43-б. 158-т .

Әдіскер-дәрігер

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСӘДМ 28.12.2015ж. № 1053 бұйрығының 43-б. 158-т .

Дәрігер статистик

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСӘДМ 28.12.2015ж. № 1053 бұйрығының 43-б. 158-т .

Инфекциялық бақылау мейіргері

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСӘДМ 28.12.2015ж. № 1053 бұйрығының 43-б. 163-т .

Бас есепші

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ЕК 89-б. 3-т.

Есептеу үстелінің есепшісі

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ЕК 89-б. 3-т.

Материалдық үстел есепшісі

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ЕК 89-б. 3-т.

Бухгалтер мемлекеттік сатып алу жөніндегі есепші

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ЕК 89-б. 3-т.

Экономист

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ЕК 89-б. 3-т.

Кадрлар бөлімінің инспекторы

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ЕК 89-б. 3-т.

Қойма меңгерушісі

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ЕК 89-б. 3-т.

Қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ЕК 89-б. 3-т.

Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ЕК 89-б. 3-т.

Іс қағаздарын жүргізуші (хатшы)

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ЕК 89-б. 3-т.

Заңгер

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ЕК 89-б. 3-т.

Бағдарламашы

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ЕК 89-б. 3-т.

Оператор

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ЕК 89-б. 3-т.


II Отбасы денсаулығы орталығы

Учаскелік қызмет бөлімі

22.

ЖТД бөлімшесінің меңгерушісі

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 157-т.

23.

Жалпы тәжірибелі дәрігер

практика(отбасылық

дәрігері)

6 күн

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 157-т.

24.

Учаскелік қызмет бөлімінің меңгерушісі

6 күн

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 157-т.

25.

Учаскелік дәрігер терапевт

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 157-т

26.

Аға мейіргер

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

27.

Учаскелік

мейіргер

(ЖПД)

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

28.

Мейіргер - химизатор

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

III

Медициналық шақырулар және Алмалы аудандық әскери комисаритатының тіркеу комиссиясы

29.

Мейіргер

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

31.

Профилактика және диспансерлеу бойынша бөлім меңгерушісі

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 157-т

32.

Профилактика және диспансерлеу бойынша дәрігер (СӨС)

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 158-т

33.

Аға мейіргер

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

34.

Қарау кабинетінің акушеркасы

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

35.

Еркектерді қарау кабинетінің мейіргері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

36.

Дәрігерге дейінгі кабинеттің мейіргері

7 сағат 40 минут

24 күн

8 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

Приказа МЗ и

37.

Мейіргер

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

Приказа МЗ и

38.

Профилактика және диспансерлеу бойынша мейіргер (СӨС)

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

39.

Психолог

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

40.

Әлеуметтік қызметкер

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

41.

Санитарка

7 сағат 40 минут

24 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 157-т

IV

Отделение специализированной помощи

42.

Бөлім меңгерушісі

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 157-т

43.

Невропатолог-дәрігер

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 157-т

44.

Балалар невропатолог-дәрігері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 157-т

45.

Эндокринолог-дәрігер

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 158-т

46.

Балалар эндокринолог-дәрігері

г

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 158-т

47.

Инфекционист-дәрігер

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 158-т

48.

Физиотерапевт мейіргері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 158-т

49.

Терапевт-дәрігер (шұғыл көмек үшін)

8 сағат 00 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 157-т

50.

Аға мейіргер

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

51.

Невропатолог мейіргері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

52.

Инфекционист мейіргері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

53.

Кардиолог мейіргері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

54.

Ревматолог мейіргері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

55.

Эндокринолог мейіргері

7 сағат 40 минут

24 күн

6күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

56.

Физиотерапевт мейіргері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

57.

Ем-шара кабинетінің мейіргері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

58.

Егу кабинетінің мейіргері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

59.

ЕДШ кабинетінің мейіргері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

60.

Бейінді кабинеттер мейіргері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

61.

Массажист

7 сағат 40 минут

24 күн

12 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

62.

Аға медициналық тіркеуші

7 сағат 40 минут

24 күн

6

ҚР ЕК 89-б. 3-т.

63.

Тіркеуші

7 сағат 40 минут

24 күн

6

ҚР ЕК 89-б. 3-т.

64.

Әкімші-

7 сағат 40 минут

24 күн

6

ҚР ЕК 89-б. 3-т.

тіркеуші

65.

Мұрағат тіркеушісі

7 сағат 40 минут

24 күн

6

ҚР ЕК 89-б. 3-т.

66.

Шаруа бикесі

8 сағат 00 минут

24 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 162-т

67.

Дәрігерлік кабинет санитары

7 сағат 40 минут

24 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 162-т

68.

Ем-шара кабинетінің санитары

7 сағат 40 минут

24 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 162-т

69.

Физиоотерапия кабинеті және

ДШК санитары

7 сағат 40 минут

24 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 162-т

70.

Инфекциялық кабинеттің санитары

7 сағат 40 минут

24 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 162-т

V

Хирургиялық көмек бөлімі

71.

Бөлім меңгерушісі

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 157-т

72.

Хирург-дәрігер

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 158-т

73.

Балалар хирург-дәрігері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 158-т

74.

Стоматолог-дәрігері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 158-т

75.

Стоматолог-дәрігер

(балалар)

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 158-т

76.

Отоларинголог-дәрігер

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 158-т

77.

Офтальмолог-дәрігер (балалар,ересектер)

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 158-т

78.

Эндоскопист-дәрігер

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 158-т

79.

Аға мейіргер

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 158-т

80.

Хирургиялық бейінді мейіргер

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 158-т

81.

Операциялық мейіргер

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 158-т

82.

Тңу

Таңу кабинетінің мейіргері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 158-т

83.

Травматолог мейіргері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 158-т

84.

Стоматолог-мейіргері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

85.

Отоларинголог-мейіргері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

86.

Офтальмолог-мейіргері

а

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

87.

Стоматологиялық кабинет санитары

7 сағат 40 минут

24 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

VI

Күндізгі стационар

88.

Күндізгі стационар дәрігері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

89.

Күндізгі стационар мейіргері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

90.

Санитар

7 сағат 40 минут

24 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

91.

Бөлім меңгерушісі

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

92.

Акушер -

гинеколог дәрігері

7 сағат 40 минут

24 күн

6күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

93.

Кабинет дәрігері

7 сағат 40 минут

24 күн

6 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

1053

Рентген кабинетінің санитары

5 сағат 45 минут

24 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 44-б. 9-т

Диагностика кабинетінің санитары

7 сағат 40 минут

24 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

УДЗ кабинетінің санитары

7 сағат 40 минут

24 күн

12 күн

ҚР ДСМ 28.12.2015ж. №1053 бұйрығының 43-б. 163-т

IX

Шаруашылық қызметкерлері

Аула сыпырушы

8 сағат 00 минут

24 күн

-

ҚР ЕК 88-б.

Қызметтік бөлмелерді тазалаушы

8 сағат 00 минут

24 күн

-

ҚР ЕК 88-б.

Сантехник

8 сағат 00 минут

24 күн

-

ҚР ЕК 88-б.

Электрик

8 сағат 00 минут

24 күн

-

ҚР ЕК 88-б.

Ағаш шебері

8 сағат 00 минут

24 күн

-

ҚР ЕК 88-б.

Байланысшы

8 сағат 00 минут

24 күн

-

ҚР ЕК 88-б.

Жұмыскер

8 сағат 00 минут

24 күн

-

ҚР ЕК 88-б.

Ескертпе 1: бес күндік жұмыс аптасымен қызметкерлер үшін 8 сағаттық жұмыс күні көзделген; айына бір сенбіде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жұмыс күнінің ұзақтығы 7 сағат 40 минутты құрайды.

Ескертпе 2: Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін бір айына сенбі жұмыс күні қарастырылған.

2017-2020 жж. Ұжымдық шартқа 5 қосымша " __"қаңтар 2017 ж.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ "№21 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ

ЕҢБЕКАҚЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕУ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№21 Қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметкерлеріне еңбекақы және өзге де сыйақы төлеу туралы осы Ереже (бұдан әрі – Ереже) 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-IV ҚРЗ Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі, 2011 жылғы 01 наурыздағы №413-IV Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 наурыздағы № 429 «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында іс-шаралар кешенін көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу ережесін бекіту туралы» бұйрықтың, шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын Жарғысының негізінде әзірленді және бекітілді.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "№21 қалалық емханасы" (бұдан әрі – Кәсіпорын), өзге де ішкі құжаттардың Кәсіпорындар және қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі мен шарттарын анықтайды.

1.2. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлықақылар мөлшерін, сыйлықақы беру және өзге де сыйақылар тағайындауды белгіленген еңбекақы төлеу қорының шегінде Кәсіпорын дербес айқындайды.

1.3. Осы Ереже Кәсіпорынның штат кестесіне сәйкес лауазымдардағы барлық Кәсіпорын қызметкерлеріне, жасалған еңбек шарттарына сәйкес негізгі жұмыс орны бойынша бас дәрігер, оның орынбасарлары, бас есепшіні қоспағанда, жұмыс істеушілерге таратылады.

1.4. Осы Ереже еңбекті ынталандыру, нақты қызметкердің еңбек нәтижесі мен оның еңбегін төлеу арасындағы алшақтықты азайту, жұмыскерлердің еңбек әлеуетін іске асыру үшін алғышарттар құру негізінде Кәсіпорынның негізгі мақсаттарына және міндеттеріне қол жеткізу бойынша қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған Кәсіпорындағы еңбекақы төлеу жүйесін белгілейді.

2. ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ

2.1. Кәсіпорынның қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі еңбекақы төлеудің мерзімдік (уақыт бойынша) және кесімді нысандарына негізделген.

2.2. Мерзімдік еңбекақы төлеу жүйесі штат кестесіне сәйкес 2.2.1. лауазымдарының тізілімі негізінде еңбекақы төлеуден тұрады;

2.2.2. қосымша ақылар, үстеме ақылар.

2.3. Кесімді еңбекақы төлемі қосымша орындалған жұмыстардың әрбір бірлігіне еңбекақы төлеуді көздейді.

2.4. Кәсіпорындағы қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесінің құрылымы төмендегілерден тұрады:

2.4.1. жалақының тұрақты бөлігі:

штаттық кестеге сәйкес лауазымдық жалақысы; зияндығы үшін қосымша ақы; санаты үшін қосымша ақы түрінде;

2.4.2. жалақының тұрақсыз бөлігі: сауықтыруға материалдық көмек; лауазымдық жалақыға дербес қосымша ақы; лауазымдық жалақыға ынталандыру қосымша ақысы; лауазымдық жалақыға сараланған қосымша ақы; кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша ынталандырушы компонент қаражаты (бұдан әрі - ЖБНЫК); біржолғы сыйлықақылар (Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелерімен байланысты өндірістік көрсеткіштері үшін көтермелеу); бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақылар түрінде;

2.5. Осы бөлімнің 2.4.2) тармақшасында көрсетілген төлемдерді жүзеге асыру Кәсіпорын құқығы болып табылады, бірақ міндеті емес.

2.6. Осы бөлімнің 2.4.2) тармақшасында көрсетілген қызметкерлерге берілетін барлық сыйақы түрлері Кәсіпорынның басқаруында қалған пайда мен үнемделген қаражаты болған кезде жүзеге асырылады.

2.7. Кәсіпорын қызметкерлеріне сыйақы тағайындау мынадай негізгі шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:

2.7.1. Кәсіпорынның басқаруында қалған пайда мен үнемделген қаражаты болған кезде;

2.7.2. Кәсіпорынның емдік және қаржылық қызмет көрсеткіштері оң болғанда;

2.7.3. Кәсіпорынның қол жеткізген нәтижелеріне қызметкердің жеке үлесінің болуы;

2.7.4. Кәсіпорынның бас дәрігерінің бұйрығымен құрылған еңбек ақы төлеу жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) оң шешімі болғанда.

2.8. Өзге де мамандарды тарту қажеттілігі бар нақты жұмысты орындау үшін басқа жақтан тартылған қызметкерлермен немесе Кәсіпорынның штаттық қызметкерлерімен жасалған жеке еңбек шарттары бойынша уақытша немесе біржолғы сипаттағы нақты орындаған жұмыстары үшін ақша төленеді.

2.9. Еңбек келісімдері бойынша қосымша жұмыс істейтін қызметкердің еңбекақысын Кәсіпорынның бас дәрігері белгілейді.

2.10. Штаттық кестеде көрсетілген қызметкерлердің лауазымдық жалақысы, белгіленген дербес үстемеақы, қосымша ақы осы Ережеге сәйкес нақты жұмыс істеген уақыты үшін есепті айда айына бір рет жүргізіледі: әр айдың 10-күнінен кешіктірмей төленеді.

2.11. Осы Ереженің 9-бөлімінің 9.5.1), 9.5.2) тармақшаларында көрсетілген қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, азаматтық қызметшілерге, қазыналық кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес, ЖБНЫК қалған үнемделген сомаларынан лауазымдық жалақыларына сараланған қосымша ақы түрінде ЖБНЫК-ны және қосымша ынталандыруды төлей отырып, жүзеге асырылады.

2.12. Кәсіпорынның өзге де жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы №413-IV "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес және сараланған қосымша ақыларды қамтитын лауазымдық жалақыларды тағайындай отырып жүзеге асырылады.

2.13. Кәсіпорынның қызметкерлеріне сыйақы, қосымша ақылар, үстеме ақылар түріндегі көтермелеу қаражатының есептелген сомасы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналары мен басқа да ұстап қалуларды қамтиды.

2.14. Қызметкерлерге төленетін жалақы және басқа да төлемдер, олардың келісімімен өздері анықтаған кредиттік (банктік) ұйымның белгілі бір карт-шотына өз бетінше аударылады.

3. ЛАУАЗЫМДЫҚ ЖАЛАҚЫЛАРДЫ БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ

3.1. Кәсіпорынның бас дәрігердің, оның орынбасарларының және бас есепшінің лауазымдық айлықақылар, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы мөлшерін уәкілетті орган белгілейді.

3.2. Кәсіпорынның қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және сыйақы беру, оларды әлеуметтік қолдау штаттық кестеге сәйкес, Кәсіпорынның бас дәрігерінің бұйрығы негізінде Кәсіпорын қызметкерлерінің сыйлықақы, еңбек ақы, әлеуметтік көмек тәртібін реттейтін Кәсіпорынның ішкі ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

3.3. Кәсіпорын қызметкерлерінің лауазымдық жалақысын есептеу және төлеу белгіленген формадағы жұмыс уақытын пайдалану есебінің табелінде есепке алынатын, лауазымдық жалақы мен жұмыс уақытының мөлшеріне сәйкес мерзімдік негізде жүзеге асырылады.

3.4. Медицина қызметкерлеріне және медициналық көмектің сапасы, үздіксіздігі және қол жетімділігі солардың жұмысына байланысты болатын, медициналық қызметтер көрсетуге тікелей қатыспайтын қызметкерлерге сараланған қосымша ақыларды есепке алмай, кесімді жалақылар белгіленуі мүмкін.

3.5. Жұмыс уақытын есепке алу табелін әр айдың 10-шы күніне дейін жалақыны есептеу үшін Кәсіпорынның кадрлар бөлімінің инспекторымен келісе отырып, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (бөлімше) толтырады, оны бухгалтерияға ұсынады. Табельге іссапарға шығуы, қызметкердің уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша жұмыста болмаған күндері және т. б. толық жазылады.

4. МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ

4.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сауықтыру үшін материалдық көмек белгіленуі мүмкін.

4.2. Сауықтыру үшін материалдық көмек қызметкерге жыл қорытындысы бойынша бір рет беріледі және оның мөлшері Кәсіпорын басқаруында қалған қаржыны үнемдеу және пайда болған жағдайда Кәсіпорынның бас дәрігерінің бұйрығымен белгілеген мөлшерде қаржы-шаруашылық қызметі жәнебекітеді.

5. ҮСТЕМЕ АҚЫЛАР ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМДЫҚ ЖАЛАҚЫҒА ҚОСЫМША АҚЫ

5.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес әр түрлі үстеме ақылар және лауазымдық жалақыға қосымша ақы белгіленуі мүмкін.

5.2. Кәсіпорынның бір жұмыскеріне бірнеше түрлері қосымша ақылар мен төлемдер белгіленуі мүмкін.

6. ЛАУАЗЫМДЫҚ ЖАЛАҚЫҒА ДЕРБЕС ҮСТЕМЕ АҚЫЛАР

6.1. Білікті мамандарды тарту және Кәсіпорындағы адал, шығармашылық және бастамашылық еңбекті ынталандыру мақсатында жұмыскердің лауазымдық жалақысына дербес үстемеақы белгіленуі мүмкін.

6.2. Нақты жұмыскердің лауазымдық жалақысына дербес үстемеақыны құрылымдық бөлімше басшысының ұсынысы негізінде Кәсіпорынның бас дәрігері белгілейді.

6.3. Дербес үстеме ақылар бас дәрігерінің бұйрығының күші жойылғанға дейін қолданылады.

7. ЛАУАЗЫМДЫҚ ЖАЛАҚЫҒА ЫНТАЛАНДЫРУ ҚОСЫМША АҚЫСЫ

7.1. Ынталандыру қосымша ақысы ынталандыру сипатына ие және жұмысшылардың жеке жұмысын жақсарту үшін қызығушылығын арттыруға бағытталған, әрбір қызметкердің жеке үлесі ескеріле отырып жүргізіледі.

7.2. Ынталандыру қосымша ақысын жүзеге асырудың негізгі талаптары:

7.2.1. өндірістік және басқа да тапсырмаларды қызметкердің сапалы, уақтылы және толық көлемде орындауы;

7.2.2. бастамасы және жоғары қарқындылығы;

7.2.3. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің оң көрсеткіштері

7.2.4. қызметкердің шеберлігі мен нәтижелі іс-әрекеті;

7.2.5. Кәсіпорынның басқаруында қалған пайда мен үнемделген қаражатының болуы;

7.2.6. еңбек тәртібін, орындаушылық тәртіпті бұзбауы және алынған тәртіптік жазаларының болмауы.

7.3. Қызметкердің лауазымдық жалақысына ынталандыру қосымша ақысы құрылымдық бөлімше басшысының ұсынысы және нәтижелерін Комиссияның қарауы негізінде Кәсіпорынның бас дәрігерінің бұйрығы бойынша тағайындалады.

8. ЛАУАЗЫМДЫҚ ЖАЛАҚЫҒА САРАЛАНҒАН ҚОСЫМША АҚЫ

8.1. Осы бөлім тұрақты жұмыс істейтін Комиссияның келісімі бойынша Кәсіпорынның бас дәрігерімен бекітілген Кәсіпорынның медициналық қызметкерлерінің қызметін бағалау критерийлері негізінде бюджеттік және бюджеттен тыс үнемделген қаражат есебінен (бұдан әрі - Сараланған қосымша ақы) ақшалай сыйақы түрінде Кәсіпорында медициналық қызмет көрсететін медициналық қызметкерлерді көтермелеу жолымен көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай Кәсіпорынның медициналық қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібін айқындайды.

8.2. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін Кәсіпорынның медицина қызметкерлерінің сараланған қосымша ақы мөлшері және оларды беру шарттары медицина қызметкерлерінің көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға қосқан үлесі, олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша Ақы төлеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) хаттамасына сәйкес анықталады және бас дәрігердің бұйрығымен бекітіледі.

8.3. Комиссия бас дәрігерінің бұйрығымен сайланады. Комиссия мүшелері мыналар болып табылады: отырыста комиссия мүшелерінің ашық дауыс беру арқылы бас дәрігердің орынбасарларының немесе бөлімше меңгерушілерінің арасынан сайлайтын төраға; комиссияның ашық дауыс беруі арқылы сайлайтын төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері; Кәсіпорынның бас дәрігерімен анықталған құрылымдық бөлімшелердің басшылары; кәсіподақ комитетінің өкілдері мен Кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы дауыс беруі арқылы сайланатын Кәсіпорынның басқа да қызметкерлері. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде 5 (бес) адамды құрайды.

8.4. Комиссия айына кемінде бір рет отырыс өткізеді. Комиссия отырысына Комиссия мүшелерінің жалпы санының кем дегенде 2/3 қатысқан жағдайда заңды болады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері және Комиссия хатшысы қол қояды және қызметкерлерге ынталандыруды төлеу туралы тиісті бұйрықты жариялау үшін Кәсіпорынның кадр қызметіне беріледі. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер ол отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көпшілік дауыс санына ие болса, қабылданған болып табылады. Дауыс тең болған жағдайда Комиссия мүшелерінің шешімі Комиссия төрағасының дауысына, ол болмаған жағдайда Комиссия төрағасының орынбасары дауысына сай қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда Комиссия мүшесі ерекше пікірін жазбаша түрде білдіреді, ол Комиссия отырысының хаттамасымен қоса беріледі.

8.5. Сараланған қосымша ақы үшін медициналық қызметкерлердің Кәсіпорын қызметінің нәтижесіне қол жеткізу үшін қосқан еңбек үлесі Кәсіпорынның медициналық қызметкерлерінің жұмысын бағалау критерийлері негізінде белгіленеді:

8.5.1. көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға;

8.5.2. орындалған жұмыс көлемі;

8.5.3. жұмыс сапасы және нәтижелілігі;

8.5.4. қазіргі заманғы технологияларды енгізуі, инновациялық қызметтің бар болуы;

8.5.5. ресурстарды пайдалану тиімділігі;

8.5.6. белгілі бір күнтізбелік уақыт ішінде маңызды және жауапты жұмыстарды жеке және ұжымдық орындауы;

8.5.7. еңбек тәртібі;

8.5.8. пациенттердің қанағаттанушылық деңгейі;

8.5.9. есептік құжаттаманы сапалы жүргізуі.

8.6. Сараланған қосымша ақыға жұмсалатын шығынды өтеу үшін кредиторлық берешек болмаған жағдайда, оның сомасын қаражатты үнемдеу нәтижелері бойынша кірістер мен шығыстарды тиімді жоспарлау, ресурстарды ұтымды пайдалану негізінде төлеу жүргізіледі.

8.7. Қызметкерлерге төлемдер есепті кезең үшін жүргізілмейді:

8.7.1. тәртіптік жаза қолдану ретінде алынбаған жазасы бар кезде;

8.7.2. Кәсіпорында кемінде бір ай жұмыс істегенде;

8.7.3. сынақ мерзімінен өту кезеңінде;

8.7.4. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын қоспағанда, ай сайынғы есепті кезеңде 14 күнтізбелік күн және тоқсандық есептік кезеңде 30 күнтізбелік күннен астам демалыста болған кезінде;

8.7.5. ай сайынғы есепті кезеңде 14 күнтізбелік күн және тоқсандық есептік кезеңде 30 күнтізбелік күннен астам еңбекке уақытша жарамсыздығы кезінде;

8.7.6. есепті кезең аяқталғанға дейін жұмыстан босатылған жағдайда;

8.8. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Заңында (бұдан әрі – Мемлекеттік бақылау туралы Заң) белгіленген тәртіппен сыртқы бақылау және мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша есептік кезеңде Кәсіпорынның медициналық қызметкерінің кемшіліктері болған жағдайда, оған сараланған қосымша ақыны төлеу басшысының шешімімен айқындалады.

8.9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 173 "Медициналық қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы (бұдан әрі - № 173 бұйрық) бұйрығымен бекітілген, Медициналық қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен, пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау (аудит) қызметінің ішкі сараптама нәтижелері бойынша есептік кезеңде анықталған Кәсіпорынның медициналық қызметкерінің кемшіліктері болған жағдайда оған есептелген сараланған қосымша ақының азаюы Комиссиясының шешімімен анықталады, бірақ есептелген сараланған қосымша ақының 50% артық емес.

8.10. Сараланған қосымшаны белгілеу үшін Кәсіпорын қызметкерінің қызметін бағалау өлшемдері бойынша көтермелеу туралы ұсыныс (бұдан әрі – көтермелеу туралы ұсыныс) толтырылады. Көтермелеу туралы ұсыныс келесі айдағы есепті кезеңнен кейінгі медицина қызметкерлері көрсететін қызмет сапасын арттырумен және көлеміне қол жеткізумен байланысты үйлестіруді жүзеге асыру үшін Кәсіпорынның бас дәрігермен айқындалған тұлғалардан тұратын Комиссияның қарауына жібереді:

- медициналық қызметкерлерді көтермелеу туралы ұсынысты Кәсіпорынның қарамағындағы Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қалыптастырады; - Кәсіпорынның құрылымдық бөлімше басшылары мен орынбасарларын көтермелеу туралы ұсынысты Кәсіпорнының бас дәрігері қалыптастырады.

8. 11. Медицина қызметкерлеріне сараланған қосымша ақыны есептеу кезінде нақты жұмыс істеген күндері ескеріледі.

8.12. Есепті кезеңде медицина қызметкерлеріне сараланған қосымша ақыны төлеу негізгі жалақыны төлеу кезінде, есепті кезеңнен кейінгі келесі айда жүргізіледі.

8.13. Әрбір медициналық қызметкердің еңбек үлесін ескере отырып, сараланған қосымша ақыны есептеу кезінде Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріндегі медициналық қызметкерлердің тікелей қатысуымен әзірленген бағалау индикаторлары қолданылады.

8.14. Медицина қызметкерлеріне сараланған қосымша ақыны төлеу баллдық жүйені қолдана отырып, қызметкерлердің қызметін бағалау өлшемдерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

8.15. Қызметкерлердің сараланған қосымша ақы мөлшері қаржы жоспары көрсеткіштерінің (сомалардың) орындалуы бойынша негіздік индикаторға тәуелді.

8.16. Индикаторлардың 50 және одан да көп пайызына қол жеткізбеу медицина қызметкерлеріне сараланған қосымша ақыны төлемеу үшін негіз болып табылады.

8.17. Медициналық емес білімі бар қызметкерлерге сараланған қосымша ақыны осы бөлімнің 8.1.) – 8.12) тармақтарына сәйкес Кәсіпорынның бас дәрігері айқындайды, Отбасы денсаулығы орталығының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың ақшалай сыйақысын қоспағанда.

8.18. Медициналық емес қызметкерлерді көтермелеу туралы ұсынысты Кәсіпорынның бас дәрігері белгілеген өз қарамағындағы қызметкерлердің лауазымды міндеттерін орындауы үшін жауапты болған тұлға және (немесе) бас дәрігер қалыптастырады.

9. КЕШЕНДІ ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ НОРМАТИВТІҢ ЫНТАЛАНДЫРУШЫ КОМПОНЕНТІНІҢ ҚҰРАЛДАРЫ

9.1. Кәсіпорынның медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы осы бөлім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы №801 "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында көрсетілетін медициналық қызмет тарифтерін қалыптастыру және шығындарын жоспарлау әдістемесін бекіту туралы" бұйрығымен анықталған Кәсіпорын қызметінің түпкілікті нәтиже индикаторлары негізінде қызметтің қол жеткізген нәтижелері үшін, кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентін қаражаты есебінен (бұдан әрі - ЖБНЫК) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін Кәсіпорынның медицина қызметкерлерін көтермелеу тәртібін айқындайды.

9.2. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін Кәсіпорын медицина қызметкерлерінің ЖБНЫК көлемі оларды беру шарттары медицина қызметкерлерінің көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға қосқан үлесі, олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша Ақы төлеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) хаттамасына сәйкес анықталады және бас дәрігердің бұйрығымен бекітіледі. Комиссияның құрылымы мен өкілеттіктері осы Ереженің 8-бөлімнің 8.3 және 8.4-тармақтарында айқындалған.

9.3. Кәсіпорындағы ЖБНЫК құралдары төмендегілерге бағытталған:

9.3.1. қол жеткізілген түпкілікті нәтиже индикаторлары үшін Кәсіпорынның медицина қызметкерлерін материалдық көтермелеуге;

9.3.2. Кәсіпорынның медициналық қызметкерлерін оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға, іссапар шығындарын қоса алғанда, есепті кезеңде Кәсіпорын бойынша алынған ЖБНЫК сомасынан кемінде 5 (бес) % құрайды.

9.4. Кәсіпорын деңгейіне, Кәсіпорынның аумақтық учаскелерінің деңгейіне дейін түпкілікті нәтиже индикаторларына қол жеткізуіне байланысты алынған ЖБНЫК сомасын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы №801 "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында көрсетілетін медициналық қызмет тарифтерін қалыптастыру және шығындарын жоспарлау әдістемесін бекіту туралы" бұйрығымен анықталған Әдістемемен айқындалады.

9.5. ЖБНЫК мынадай медицина қызметкерлеріне төленеді:

9.5.1. аумақтық учаске жағдайында қызмет көрсететін жұмыскерлерге: жалпы практика дәрігерлері, учаскелік терапевтер мен педиатрлар; жалпы практика және учаскелік қызмет мейіргерлері, аумақтық учаске жағдайында қызмет көрсететін акушерлер; әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар;

9.5.2. қосымша персоналға:

дербес Отбасы денсаулығы орталығының немесе дәрігерлік амбулаторияның бірінші басшысы, жалпы дәрігерлік практика меңгерушілері мен аға мейіргерлер, учаскелік қызмет бөлімшелерінің меңгерушілері мен аға мейіргерлер; отбасы денсаулығы орталығының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесінің қызметкерлері (дәрігерлер және орта медицина қызметкерлері).

9.6. Кәсіпорынның медицина қызметкерлеріне ЖБНЫК сомасын есептеу кезінде есепті кезеңдегі нақты жұмыс істеген күндері ескеріледі.

9.7. Кәсіпорынның медициналық қызметкеріне есепті кезеңде ЖБНЫК сомасы мына жағдайда төленбейді:

9.7.1. қарастырылып отырған кезеңде алынбаған тәртіптік жазасы болған жағдайда, бірақ оны қолданған сәттен бастап екі айдан аспайтын кезеңде болса;

9.7.2. Бір айдан кем жұмыс істеген жағдайда;

9.7.3. сынақ мерзімі кезеңінде;

9.7.4. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын қоспағанда,14 күнтізбелік күн демалыста болған кезінде;

9.7.5. 14 күнтізбелік күн еңбекке уақытша жарамсыздығы кезінде;

9.7.6. есепті кезең аяқталғанға дейін жұмыстан шыққан кезде.

9.8. Мемлекеттік бақылау туралы Заңында белгіленген тәртіппен сыртқы бақылау мен мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша есепті кезеңде анықталған Кәсіпорын қызметкерінің кемшіліктері болған жағдайда, оған ЖБНЫК сомасын төлеу бас дәрігердің шешімімен айқындалады.

9.9. № 173 бұйрығымен белгіленген тәртіппен пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау (аудит) қызметінің ішкі сараптама нәтижелері бойынша есептік кезеңде анықталған Кәсіпорынның медициналық қызметкерінің кемшіліктері болған жағдайда, оған есептелген ЖБНЫК сомасы Комиссияның шешімімен азаяды, бірақ есептелген ЖБНЫК сомасынан 50% артық емес.

9.10. Егер аумақтық учаске жағдайында қызметтер көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін есепті кезеңге арналған ЖБНЫК сомасы толық көлемде бөлінбеген болса, онда қалған ЖБНЫК сомасы осы есепті мерзімде Комиссияның шешімі бойынша аумақтық учаске жағдайында қызмет көрсететін ерекше көзге түскен қызметкерлеріне қосымша ынталандыру ретінде жіберіледі:

- жұмыста жоғарғы нәтижелерге жеткені үшін;

- № 173 бұйрығымен белгіленген тәртіппен пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау (аудит) ішкі сараптама нәтижелері бойынша, Мемлекеттік бақылау туралы Заңында белгіленген тәртіппен сыртқы бақылау мен мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтары болмаған жағдайда;

- жұмыс күндерін толық өтеген жағдайда.

9.11. Кәсіпорынның қызметкерлеріне есепті кезең үшін ЖБНЫК сомасын төлеу негізгі жалақыны төлеу кезінде есепті кезеңнен кейінгі айда жүргізіледі.

2017-2020 жж. Ұжымдық шартқа № 6 қосымша " __"қаңтар 2017 ж.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ

ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ "№21 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫЙАҚЫ БЕРУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1.1. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№21 Қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметкерлеріне сыйақы беру туралы осы Ереже (бұдан әрі – Ереже) 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-IV ҚРЗ Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы №413-IV "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№21 Қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) Жарғысы, Кәсіпорынның өзге де ішкі құжаттары негізінде әзірленді және Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін және шарттарын анықтайды.

1.2. Осы Ереже Кәсіпорынның штат кестесіне сәйкес лауазымдарда, жасалған еңбек шарттарына сәйкес негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс істейтін барлық Кәсіпорын қызметкерлеріне таратылады, бас дәрігер, оның орынбасарлары, бас есепшіні қоспағанда.

1.3. Осы Ереже еңбекті ынталандыру, нақты қызметкердің еңбек нәтижесі мен оның еңбегін төлеу арасындағы алшақтықты азайту, жұмыскерлердің еңбек әлеуетін іске асыру үшін алғышарттар құру негізінде Кәсіпорынның негізгі мақсаттарына және міндеттеріне қол жеткізу бойынша қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған Кәсіпорындағы сыйақы беру жүйесін белгілейді.

1. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫЙЛЫҚАҚЫ БЕРУ

1.1. Кәсіпорын қызметкерлеріне сыйлықақы беру Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелеріне және бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша ерекше өндірістік жетістіктері үшін бір мезгілде жүзеге асырылады.

1.2. Қызметкерлерге сыйлық беру мынадай көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады:

1.2.1. есепті кезеңде қол жеткізген өндірістік нәтижелері үшін (сапалы, уақытылы орындау және жұмыстарды тапсыру):

1) аса маңызды тапсырманы немесе шұғыл жұмыстарды орындағаны үшін;

2) Кәсіпорын кірістерін арттыру және/немесе шығыстарды азайту бойынша тиімді ұсыныстары үшін;

3) жаңа техника, технологияларды енгізгені және/немесе әзірлегені (игеру), өнертабысқа патенттер алғаны үшін;

1.2.2. Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелеріне орай.

1.3. Кәсіпорын қызметкерлеріне сыйлықақы беру Кәсіпорын басқаруында қалған қаражатты үнемдеу және пайда бар болған кезде ғана жүргізіледі.

1.4. Сыйлықақы төмендегі қызметкерлеріне берілмейді:

1.4.1. есепті кезеңде еңбек және өндірістік тәртіпті бұзу, өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындалмағаны үшін құжатпен ресімделген алынбаған тәртіптік жазалары (ескерту, сөгіс және қатаң сөгіс) бар болғанда;

1.4.2. есепті кезеңде Кәсіпорын басшысының тапсырмаларын, жұмыс жоспарларымен көзделген тапсырмаларды сапасыз және уақытылы орындамаған жағдайларда;

1.4.3. белгіленген тәртіппен тіркелген құқыққа қарсы әрекеттерді жасағаны үшін;

1.4.4. Кәсіпорында кемінде бір ай жұмыс істеген;

1.4.5. сынақ мерзімінен өту кезеңінде;

1.4.6. жүктілігі мен босануы, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуы бойынша демалыста жүрген қызметкерлерге;

1.4.7. үш жасқа дейін бала күтімі бойынша еңбекақысы сақталмайтын әлеуметтік демалыстағы қызметкерлерге.

1.5. Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелерімен байланысты сыйлықақы төлеу Ақы төлеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарауының нәтижелері мен құрылымдық бөлімше басшыларының ұсыныстары негізінде Кәсіпорынның бас дәрігерінің бұйрығымен жүргізіледі. Комиссияның құрылымы мен өкілеттіктері Қызметкерлерге еңбекақы және өзге де сыйақы төлеу туралы ереженің 8-бөлімі 8.3, 8,4-тармақтарында айқындалады (№5 Қосымша).

1.6. Жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беру тұтастай алғанда, жылдық тапсырмаларын табысты орындау және тапсыру жағдайында, сондай-ақ алға қойылған міндеттерді орындауда, Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі нәтижесіне қызметкердің қосқан жеке үлесін ескере отырып, есепті жылы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің оң қорытындыларына қол жеткізгені үшін жүргізіледі.

1.7. Сыйақы мөлшері (сыйақы) жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша есепті жылдағы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындыларына тәуелді.

1.8. Жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы есепті жылы кемінде 3 (үш) ай жұмыс істеген Кәсіпорынның қызметкерлеріне төленеді.

1.9. Жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, соның ішінде есепті кезеңде алынбаған тәртіптік жазалары бар Кәсіпорынның қызметкерлеріне төленбейді.

1.10. Бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша ерекше өндірістік жетістіктері үшін сыйлықақыларды төлеу бойынша жүргізіледі бұйрыққа бас дәрігердің негізінде Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі басшысының ұсынысы және нәтижелерін қарау Комиссия қарауының нәтижелері мен құрылымдық бөлімше басшыларының ұсыныстары (есепті қызметкердің нақты жұмыс істеген уақыты бойынша әрбір қызметкердің жеке үлесін көрсете отырып) негізінде Кәсіпорынның бас дәрігерінің бұйрығымен жүргізіледі.

2017-2020 жж. Ұжымдық шартқа № 7 қосымша " __"қаңтар 2017 ж.

«Медик» жергілікті кәсіподақ» ҚБ бірінші съезінің шешімімен бекітілді, "12" қазан 2015 ж.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ "№21 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ КЕЛІСІМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ

ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Алматы қаласы денсаулық сақтау Басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№21 Қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның Келісім комиссиясы және еңбек дауларын қарау тәртібі туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) бұл еңбек дауларын қарастыруды көздейді: - тараптардың келісімі бойынша ұйымдастырылған комиссия; - соттар.

1.2. Кейбір санаттағы қызметкерлердің еңбек даулары бағыныстылық тәртібі бойынша жоғары тұрған органдармен қаралады.

1.3. Комиссия бір жағынан, қызметкерлер, екінші жағынан, жұмыс берушінің арасында туындайтын жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі орган болып табылады.

1.4. Комиссияның еңбек дауларын қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және осы Ережеге сәйкес реттеледі, соттарда еңбек даулары бойынша істерді қарау тәртібі – Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сай жүзеге асырады.

1.5. Жұмыс берушіден сайланған комиссия мүшелері жұмыс беруші берген сенімхат негізінде жұмыс істейді. Жұмыс берушіден сайланған комиссия мүшелері жалпы кәсіподақ жиналысында сайланады.

  • Кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын қызметкерлердің мүддесін, қызметкерлердің өкілдері не өзіне берілген өкілеттіктер шегінде (адвокат)олардың уәкілетті өкілі ұсынады.
  • Комиссияның сандық құрамы ұжымдық шартта белгіленеді.
  • Комиссия даудың тараптарына өзі өтініш жасалған тілде қарайды және шешімінің көшірмесін береді.
  • Комиссия еңбек дауларын комиссия мүшелерінің жалақысын сақтай отырып, жұмыс уақытында қарастырады.
  • Комиссиясы мүшесі жұмыста болмаған немесе оны жұмыстан шығаққан жағдайда, оның орнын басқа қызметкермен ауыстырғанша комиссия жұмысы тоқтатылады.
  • Келісу комиссиясының мүшесі ұйымда кемінде 2 жыл жұмыс істеген қызметкер болуы мүмкін, келісу комиссиясы мүшесінің жасы ескерілмейді

1.6. Жыл сайын жұмыс берушінің қаражаты есебінен келісу комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері бойынша оқытылады.

1.7. Ережеге өзгерістер мен толықтыруларды енгізу тараптардың өзара келісімі бойынша ғана жүргізіледі.

2. КОМИССИЯСЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1. Комиссия жұмыс берушінің және қызметкерлердің тұрақты өкілдерінің тең санынан құрылады. Әр тарап өкілдерінің саны қызметкерлер және жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша белгіленеді және ол ұжымдық шартта айқындалады.

Кәсіподақ өкілдері комиссияда жұмыс істеуі үшін қызметкерлер кәсіподағының жалпы жиналысының шешімімен сайланады, жұмыс берушінің өкілдері бас дәрігердің бұйрығымен тағайындалады.

Кәсіподақ өкілі ретінде комиссияның құрамына кәсіподақ ұйымдастырушысы, жұмыс берушінің өкілі ретінде – бас дәрігер кіруі мүмкін.

2.2.Қызметкерлердің мен жұмыс берушінің өкілдері комиссия құрамына кәсіподақ ұйымдастырушысының өкілеттік мерзіміне кіреді.

2.3. Әрбір отырыста комиссия төрағасының және хатшысының міндеттерін қызметкерлердің және жұмыс берушінің өкілі кезекпен орындайды. Төраға мен хатшы бір отырыста тек тараптың өкілдері бола алмайды.

Әрбір мәжілісінде тараптар кезекті отырысын дайындау, жинақтау және өткізу міндеттері жүктелетін келесі отырысының төрағасы мен хатшысын тағайындайды.

2. 4. Комиссияға техникалық қызмет көрсету (өтініштерді қабылдау, оларды тіркеу, іс жүргізу, сақтау, отырыстарының хаттамаларынан үзінді көшірмелер дайындау және т. б.) жұмыс берушімен жүзеге асырылады, бұл үшін арнайы қызметкер (кадр қызметінен орынды қызметкер) тағайындайды.

3. КОМИССИЯМЕН ҚАРАЛАТЫН СҰРАҚТАР

3.1. Комиссия даулар бойынша келесі мәселелерді қарайды:

  • басқа жұмысқа ауыстыру және ауыстыру кезіндегі еңбекақы;
  • еңбек шартын бұзу (тоқтату) (заңдарында қараудың өзгеше тәртібі белгіленген еңбек даулары жағдайларын қоспағанда);
  • түнгі уақыттағы үстеме жұмыстарға ақы төлеу, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысы үшін өтемақы төлеу;
  • әртүрлі біліктіліктегі жұмыстарды орындау, кәсіптерді (мамандықтар) қоса атқару, орынын басу кезінде еңбекақы төлеу;
  • іссапар, ауыстыру, қабылдау немесе басқа жерге жұмысқа жіберу кезінде өтемақы төлеу;
  • қызметтен босарда жәрдемақы төлеу;
  • шарасыз қыдырымпаздық уақытында еңбекақы төлеу (жұмысқа қайта орналастыру туралы дауларды қарау кезінде осы мәселе шешілуі тиіс жағдайларды қоспағанда);
  • ұйымға келтірген залалды өтеуі үшін жалақыдан ұсталған болса, ақша сомаларын қайтару;
  • еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген қызметкерге тиесілі сыйақыны алу құқығы туралы және мөлшері туралы;
  • белгіленген ұзақтықта жыл сайынғы еңбек демалысын беру, оған төлем жасау және жұмыстан босаған жағдайда пайдаланбаған еңбек демалысының күндері үшін өтемақы төлеу;
  • тәртіптік жаза қолдану;
  • арнайы киімді, арнайы аяқ киімді, жеке қорғаныш құралдарын беру және пайдалану;
  • сүт және басқа да тең бағалы тағамдық өнімдерді, емдік-профилактикалық тағамдарды беру.

3.2. Комиссия мына мәселелер бойынша дауларды қарамайды:

өндірім нормаларын (уақыт нормалары), қызмет көрсету нормаларын (нормативтер саны) белгілеу, лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды, штаттарды өзгерту;

республикалық және жергілікті бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және зейнетақыны есептеу, жәрдемақы тағайындау және төлеу, жәрдемақы және зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу;

жеңілдіктер мен артықшылықтар алу үшін еңбек өтілін есептеу, егер де заңдарында осы дауларды қараудың өзгеше тәртібі белгіленген болса (еңбек сіңірген жылдары үшін сыйақы беруде еңбек өтілін есептеу, жалақы, лауазымдық айлықақылар мен т.б. мөлшерін анықтау);

тұрғын үй алаңын беру және бөлу, сондай-ақ тұрмыстық қызмет көрсетуді қанағаттандыру.

Комиссия еңбек дауларын және басқа да мәселелерді қарамауы мүмкін, егер қолданыстағы заңнамада оларды қараудың өзгеше тәртібі белгіленген болса. Егер дауды қарау оның құзыретіне кірмейтін болса, комиссия бұл туралы тиісті шешім шығарады, мүдделі қызметкер сотқа шағымдана алады.

4. КОМИССИЯНЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

4.1. Еңбек дауын комиссия қарайды, егер қызметкер келіспеушіліктерді жұмыс берушімен тікелей келіссөздер арқылы реттемеген болса.

Еңбек даулары бойынша өтініші комиссиясының мүшесіне - хатшысына түседі, оның бұл қызметі Ережеде анықталған. Келіп түскен өтініш келісім комиссиясының хаттарды тіркеу кітабына тіркеледі.

Комиссияның отырысы құқықты болып есептеледі, егер оған екі тараптың тең қатынасында оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда.

Тараптар ұжымды комиссияның құрамы, оның орналасқан орны туралы, (егер бұл мүмкін болса) және комиссия отырысының уақыты туралы хабардар етуге міндетті.

4.2. Қызметкерлер комиссияға мына мерзім ішінде өтініш бере алады:

  • жұмысқа қайта алу туралы даулар – жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесін алған күннен бастап бір ай;
  • басқа еңбек даулары бойынша –қызметкер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл.

4.3. Комиссия еңбек дауларын өтінішті тіркеген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарайды.

4.4. Комиссия қабылдаған шешім анық және нақты болуы тиіс - қызметкердің (жұмыс берушінің) өтініші қанағаттандырылды ма немесе оған бас тартылса, егер ішінара қанағаттандырылса, онда нақты қай бөлігіне және қандай негіздер бойынша. Шешім қолданыстағы заңнамамен, ұжымдық шартпен, ережелермен, нұсқаулармен және нормативтік құжаттармен негізделген, дәлелді болуы тиіс. Шешімі мерзімінде орындалуы тиіс, оның міндетті күші болады және қандай да бекітуді қажет етпейді. Комиссияның шешімі кворум болған жағдайда көпшілік дауыспен қабылданады.

Шешім қабылданған болып есептеледі, егер оған дауыс берушілердің 50% - ға қатысушы бір дауыс қосылса. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия шешімі қызметкердің пайдасына белгіленеді.

Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы, сондай-ақ жасырын қабылдануы мүмкін. Комиссия мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, ол оған қол қоюға міндетті, бірақ оған өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.

Шешім комиссиямен қайта қаралуы мүмкін емес, егер ол отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданған болса.

Ақшалай талаптары бойынша шешімде нақты сомасы көрсетілуі тиіс.

4.5. Келісім комиссиясы шешімдерінің көшірмелері дау тараптарына оны қабылдаған күннен бастап 3 күндік мерзімде беріледі.

4.6. Комиссияның отырыстары төраға тағайындаған уақытта (жұмыс немесе жұмыстан тыс уақытты анықтауы бойынша) өтеді. Еңбек дауын жұмыстан тыс уақытта қарау мүмкін болмаған жағдайда, осы ұйымда жұмыс істейтін комиссия мүшелеріне, қызметкерге, куәгерге, сарапшыға және дауды қарауға қатысатын басқа қатысушыларға орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыстан босату туралы жұмыс берушінің бұйрығы шығарылады.

Жұмыстың ауысымдық режимінде комиссияның отырысы мүдделі қызметкер, сондай-ақ басқа да шақырылған тұлғалар отырысқа қатыса алатындай уақытқа тағайындалады.

Комиссияның отырысы ашық және тараптар үшін ыңғайлы уақытта өткізілуі тиіс.

4.7. Барлық даулар комиссиямен өтініш берген қызметкердің қатысуымен қаралуға тиіс. Дауды сырттай қарауға қызметкердің жазбаша келісімі бойынша ғана жол беріледі.

Комиссияның отырысына қызметкер немесе оның өкілі келмеген жағдайда, оның мәселесін қарау келесі отырысына дейін кейінге қалдырылады. Қызметкер немесе оның өкілі дәлелді себептерсіз қайтадан келмеген жағдайда комиссия осы өтінішті қараудан алып тастау туралы шешім шығара алады, бұл қызметкердің өтінішін қайта беру құқығынан айырмайды. Өтініш бұл жағдайда алғаш рет түскен болып қарастырылады.

4. 8. Комиссия отырысқа мамандарды, куәгерлерді шақыруға, тексерулер жүргізуді жеке тұлғаларға тапсыруға, жұмыс берушіден құжаттарын есеп айырысу ұсынуды талап етуге құқылы.

Егер, комиссия мүшелерінің пікірінше, істің нақты мән-жайын анықтау үшін дәлелдемелер жеткіліксіз және жаңасын алуға мүмкіндіктер бар болса, онда комиссия істі қарау үшін белгіленген мерзім шегінде дауды қарауды кейінге қалдыруға құқылы.

4.9. Әрбір комиссияның отырысында міндетті түрде хаттама жүргізіледі.

Хаттамаға төраға мен хатшы қол қояды. Хаттаманың көшірмесін үш күн мерзімде кәсіподақ өкіліне және Кәсіпорнның бас дәрігеріне тапсырылады. Хаттамасынан үзінді сол мерзімде мүдделі қызметкерге, жұмыс берушіге тапсырылады немесе пошта арқылы жіберіледі.

4.10. Өтініш берушінің талаптарын қанағаттандыратын Комиссияның шешімін қарсы тарап шешім қабылданған күннен бастап үш күн ішінде орындайды.

Жауапкер тарап шешімді орындамаған жағдайда, талапкер сотқа талап арыз беруі мүмкін.

Комиссияның шешімімен келіспеген кезде тараптар еңбек дауы бойынша сотқа жүгінуге құқылы.

2017-2020 жж. Ұжымдық шартқа 8 қосымша " __"қаңтар 2017 ж.

Алматы қаласы денсаулық сақтау Басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№21 Қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметкерлеріне арнайы киім, арнайы аяяқ киім және басқа да жеке қорғаныс құралдарын беру нормалары

Қызметкекрдің лауазымы

Арнайы киім, арнайы аяяқ киім және басқа да жеке қорғаныс құралдарының атауы

Нормасы және беру мерзімі (бірлік саны, жинақ пары)

1

Кез келген мамандану дәрігері (Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес)

Халат немесе костюм (жакет немесе шалбар) антибактериялық және антистатикалық сіңіргісі бар мақта-мата негізде

тозғанға дейін

мақта-матадан тігілген бактерияға қарсы және антистатикалық су сіңдірмейтін қабаты бар бас киім

тозғанға дейін

Медициналық қолғап

1 қолдануға 1 бұйым

Үш қабатты медициналық бетперде

1-шешкенге дейін 1 бұйым

Дәрігер-рентгенологты қосымша жұмыспен қамту кезінде:

Көкірекшесі бар рентгеннен қорғайтын алжапқыш

2 жылға 1 бұйым

Рентгеннен қорғайтын юбка

2 жылға 1 бұйым

Рентгеннен қорғайтын бас киім

2 жылға 1 бұйым

Рентгеннен қорғайтын қолғап

2 жылға 1 бұйым

Рентгеннен қорғайтын жаға

2 жылға 1 бұйым

Рентгеннен қорғайтын көзілдірік

тозғанға дейін 1 бұйым

2

Орта және кіші медицина қызметкері, шаруа бикесі

Антибактериялық және антистатикалық сіңіргісі бар костюм

тозғанға дейін

Антибактериялық және антистатикалық сіңіргісі бар бас киім

тозғанға дейін

Медициналық қолғап

1-шешкенге дейін 1 бұйым

Үш қабатты медициналық бетперде

1-шешкенге дейін 1 бұйым

Қосымша рентгендік сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде:

Көкірекшесі бар рентгеннен қорғайтын алжапқыш

2 жылға 1 бұйым

Рентгеннен қорғайтын юбка

2 жылға 1 бұйым

Рентгеннен қорғайтын бас киім

2 жылға 1 бұйым

Рентгеннен қорғайтын қолғап

2 жылға 1 бұйым

Рентгеннен қорғайтын жаға

2 жылға 1 бұйым

Рентгеннен қорғайтын көзілдірік

тозғанға дейін 1 бұйым

Диэлектрикалық аяқ киім

2 жылға 1 пар

қосымша клиникалық-диагностикалық зертханада жұмыспен қамту кезінде:

қышқыл-сілтілік төзімді көкірекшесі бар алжапқыш

тозғанға дейін

Ылғалды өткізбейтін материалдан тігілген жеңғап

1 паранасмену

Респиратор

тозғанға дейін 1 бұйым

Қорғаныш көзілдірік немесе бетті қорғайтын қалқа

тозғанға дейін 1 бұйым

3

Рентгенлаборант

қосымша рентген пленканы өңдеу кезінде:

Көкірекшесі бар рентгеннен қорғайтын алжапқыш

2 жылға 1 бұйым

Рентгеннен қорғайтын юбка

2 жылға 1 бұйым

Рентгеннен қорғайтын бас киім

2 жылға 1 пар

Рентгеннен қорғайтын қолғап

2 жылға 1 бұйым

Рентгеннен қорғайтын көзілдірік

тозғанға дейін 1 бұйым

Былғары туфли немесе тәпішке

2 жылға 1 пар

Ылғал өткізбейтіні көкірекшесі бар алжапқыш

1 жылға 2 бұйым

4

Слесарьсантехник

мақта-матадан жасалған костюм

1 жылға 2 комплект

мақта-матадан жасалған бас киім

1 жылға 2 бұйым

Бәтеңке (немесе етік). Табаны майлы суды сіңірмейтін, сырғанамайтын қасиеттері және қышқылдан қорғайтын қабаты бар, тұмсығы қатты металдан жасалған

2 жылға 1 пар

Аралас қолғап

24 парына 1 год

Қорғаныс көзілдірігі

тозғанға дейін 1 бұйым

Қорғаныс каскасы

тозғанға дейін 1 бұйым

5

Қызметкерлер бөлмесін тазалаушы

бактерияға және антистатикалық су сіңдірмейтін қабаты бар халат немесе костюм

1 жылға 2 бұйым

Ылғалды өткізбейтін материалдан тігілген жеңғап

тозғанға дейін 1 бұйым

бактерияға және антистатикалық су сіңдірмейтін қабаты бар бас киім

1 жылға 1 бұйым