2011-2015 жылдарға арналған Алматы қ. денсаулық сақтауды дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес қызмет миссиясы профилактикалық бағытты және отбасына заманауи диагностикалық, емдік, профилактикалық және медициналық-әлеуметтік технологиялар арқылы жоғары сапалы медициналық көмек көрсету болып табылады. Қызметтің соңғы нәтижесі – емхана мен тұрғындардың ұраны болып табылатын «Дені сау жанұя – дені сау болашақ».

Мақсаты:
Ауруларды ерте анықтау үшін скринингтік тексерулер жүргізу, екпе жасау, тұрғындар арасында СӨС насихаттау және сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, медициналық-санитариялық алғашқы көмек пен диагностикалық-кеңес беру көмегін уақтылы көрсету жолымен халықтың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу.

Міндеттері

  • Кәсіпорынды басқаруды жетілдіру;
  • Тіркелген аумақтағы тұрғындарға емханада және үйде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету;
  • Тіркелген тұрғындардың мақсатты топтарына скринингтік тексерулер жүргізу;
  • Тұрғындар арасында профилактикалық шаралардың кешенін ұйымдастыру және өткізу;
  • Тұрғындарға диспансерлік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • Ұйымда Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту;
  • Ана өлімі көрсеткіштерін төмендету. Әлеуметтік маңызы бар ауруларды төмендету;
  • Жалпы өлім көрсеткіштерін төмендету және өмір сүру жасын ұлғайту;
  • Ауруханаға жатқызу деңгейін төмендету және емхана, жедел жәрдем мен стационар арасындағы медициналық көмек көрсетудің сабақтастығын қамтамасыз ету;
  • Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін орындауды қамтамасыз ету;
  • Ана мен баланы қорғау;
  • Медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру;

Қызмет көрсету саласы: Алматы қ. Жетісу, Алатау аудандары тұрғындарына сапалы медициналық қызметті ұсыну. Емхана медицина кадрларын даярлау стратегиясын белсенді қолдайды. Оның базасында Асфендияров атд. Қазақ Ұлттық медицина университетінің емханалық оқу ЖПД (жалпы практика дәрігері) кафедрасы орналасқан.

Емделушілердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін емханада заманауи деңгейде емдеу-диагностикалық үдерістерді жүргізуге арналған барлық мүмкіндіктер жасалған. Келесі құрылымдық бөлімшелері бар: тіркеу орны, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі, әйелдер кеңесі, терапия бөлімі, педиатрия бөлімі, құрамына тар шеңберлі мамандар кіретін мамандандырылған медициналық көмек бөлімі, стоматологиялық бөлім, клиника-диагностикалық зертхана, эндоскопия кабинеті, рентген кабинеті, флюорография кабинеті, функционалдық диагностика кабинеті, УДЗ-диагностикасы. Қабылдау 12 дәрігерлік мамандық бойынша жүргізіледі. Күндізгі стационарда 15 төсекке арналған стационарға орналастыру және үйдегі стационар көмегі көрсетіледі, мұнда барлық ауру түрлері бойынша медициналық көмек көрсетіледі, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларға, егде жастағы топ тұлғаларына, диспансерлік науқастарға, ауруы бойынша мүгедектерге, ЧАЭС қатысушыларына, Семей полигонында болған тұлғаларға, ТСҚ, КА мүгедектеріне, интернационалист жауынгерлерге оңалту емі жүргізіледі. Күндізгі стационарда әзірленген клиникалық хаттамалар бойынша ем жүргізіледі.

Әйелдер кеңесі бөлімінде қауіп-қатер тобындағы, фертильді жастағы әйелдерді, жүкті әйелдерді қадағалап қараудың барлық дағдыларын меңгерген, сонымен қатар жүктілікті аяғына дейін алып жүре алмауы бойынша қауіп-қатер тобындағы әйелдердің профилактикасы және емімен, отбасын жоспарлаумен және фертильді жастағы әйелдерді сауықтырумен айналысатын жоғары білікті дәрігерлер жұмыс жасайды.

Емханада «Ламаз» бағдарламасы бойынша «Жас аналар мектебі» сияқты денсаулық мектебі жұмыс істейді, мұнда болашақ аналар 9 ай бойы табиғи жолмен босануға, дәрі-дәрмексіз ауырсынбай босануға, серіктестік босануға, емшек сүтімен тамақтандыруға үйренеді және контрацепция туралы білім алады.

Жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алу бойынша сабақтар, жүрек-қан тамыры патологиясы бар емделушілерге оңалту шараларын жүргізетін «Артериалды гипертензия мектебі», сонымен қатар «Бронх демікпесі», «Диабет» мектептері де жұмыс жасайды.

Хирургиялық кабинеттер амбулаториялық оталардың барлық түрін жасайды.
Амбулаториялық-емханалық қызмет – қалалық денсаулық сақтаудың негізгі буындарының бірі болып табылады. Емхана қызметкерлері аймақтық мақсатты қалалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін аянбай жұмыс жасап келеді. Тұрғындардың профилактикалық медициналық тексерулермен қамтылуы жоғары деңгейде және қалалық, республикалық көрсеткіштер деңгейінде тұр.

Қызметкерлер біздің емделушілерді жеке тұлға ретінде қарауға, сонымен қатар кез келген өтінішінде іспен немесе сөзбен көмек беруге тырысады.

Болашақтағы біздің басымдықтарымыз қандай? - Емхана аккредиттелген және медицина қызметін жеткізушілер нарығында бәсекеге қабілетті ұйым болып табылады.

Біз жеке және ұжымдық шығармашылықты ынталандыруға, қызметкерлер мен басшылық арасындағы құрмет пен өзара сенімді қалыптастыруға ықпал ететін ұжымдық мәдениетті дамытамыз. № 21 ҚЕ бұдан әрі даму және басқару жүйесін жетілдіру, жұмысты ұйымдастыру, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру үшін үлкен әлеуетке ие.