Алматы қаласы ШЖҚ «№ 21 қалалық емхана» МКК Этикалық кодексі

Кіріспе:

Медицина қызметкерінің кәсіби этика кодексі (бұдан әрі - Кодекс) кәсіби медициналық қызметті жүзеге асыру барысында медицина қызметкерінің этикалық нормалары мен тәртіп қағидаттарының жиынтығын анықтайтын құжат болып табылады.

Біздің ұйымның миссиясы: «Денісаужанұя -денісауболашақ», «Здоровая семья - здоровое будущее».

Құндылықтары:

  • Қолжетімді, сапалы және қауіпсіз медициналық көмек.
  • Кәсіпқой, қайырымды әрі кішіпейіл қызметкерлер.
  • Корпоративтік мәдениет (тұрақты түрде кәсіби жетілу,тәлімгерлік, ұжымдағы жағымды психологиялық климат).
  • Этикалық нормаларды сақтау.
  • Инновациялық технологияларды енгізу.
  • Басшылықтың жауапкершілігі мен көшбасшылығы.

ШЖҚ «№ 21 қалалық емхана» МКК қызметкерлері өз қызметі барысында:

  • өз біліктілігіне, лауазымдық нұсқаулықтарына және қолда бар ресурстар шегінде қызметтік міндеттеріне сәйкес жауапкершілікті мойнына алуға, соның ішінде сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін моральді;
  • жынысына, жасына, нәсіліне және ұлтына, тұрғылықты мекенжайына, әлеуметтік жағдайына, діни және саяси сеніміне, сонымен қатар басқа да медициналық емес факторларға қарамастан медициналық көмекті қажет еткен кез келген адамға көмектесуге;
  • өзінің кәсіби білімі мен білігін, дағдылары мен ой-өрісін тұрақты түрде жетілдіруге;
  • медициналық қоғамдастықтарда тазалықты сақтауға, өзінің және өз әріптестерінің қателіктеріне адал талдау жасауға;
  • өз әрекетімен емхана беделін нығайтуға, оның мүддесін қорғауға, қызметкерлердің абыройын түсіретін әрекеттерге жол бермеуге;
  • пациенттердің құқықтарының, еркіндігі мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге;
  • өз ісіне және жеке тәртібіне деген қатынасымен ұжымдағы тұрақты әрі оң моральді-психологиялық ахуалдың жасалуына ықпал етуге;
  • қызметтік міндеттерін орындау кезінде іскерлік стильдегі киімдерді киюге;
  • медицинақызметкері жіберілген қателіктерді мұқият талдауға, басқа да дәрігерлердің клиникалық практикасында осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында оны әріптестерімен және басшылықпен талқылауға;
  • басқа қызметкерлер тарапынан қызметтік этика нормаларының бұзылу фактілеріне жол бермеуге және бетін қайтаруға;
  • қызметтік ақпараттарды өзінің пайдасына пайдалануға жол бермеуге;
  • дәрігерлік құпияны және пациент денсаулығы туралы ақпараттың құпиялық құқығын сақтауға міндетті.

Медицина қызметкерлеріне жосықсыз әрекеттер

Медицина қызметкерінің:

  • өз білімі мен мүмкіндігін ізгіліксіз мақсатта қолдануға;
  • пациентке өзінің философиялық, дәни және саяси көзқарастарын зорлап міндеттеуге;
  • пациентке қасақана физикалық, адамгершілік немесе материалдық залал кетіруге, үшінші тұлғаның осындай залал келтіретін әрекеттеріне немқұрайлы және салғырт қарауға құқығы жоқ;
  • пациенттерден сыйлық алу не оларға сыйлық беру орынсыз, себебі сыйлық алмаған немесе сыйлық бермеген пациенттерде маған дұрыс қарамады деген пікір қалыптасуы мүмкін. Сыйлықтар қызметі үшін алмасу ретінде берілмеуі немесе қабылданбауы тиіс. Нақты ақша немесе бағалы сыйлық түрінде сыйлықтар алуға қатаң тыйым салынады.

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ МЕН ПАЦИЕНТТІҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Пациенттің абыройы мен беделін құрметтеу

  • Медицина қызметкері пациенттің абыройы мен беделін құрметтуі, онымен және оның жақындарымен жақсы әрі шыдамды қатынаста болуы тиіс. Пациентке дөрекі және ізгіліксіз қатынас жасау, оның беделін түсіру, сонымен қатар басымдық танытуға немесе пациенттердің біріне медицина қызметкері тарапынан жек көрушіліктің орын алуына жол берілмейді.
  • Пациент медицина қызметкерінің барлық медициналық және өзіне ғана сеніп айтылған жеке ақпараттардың құпиялығын сақтайды деп санауға құқылы. Медицина қызметкерінің тексеру және емдеу барысында алған мәліметтерді, медициналық көмекке жүгінген фактіні қоса пациенттің немесе оның заңды өкілінің рұқсатынсыз жариялауға құқығы жоқ.
  • Пациент өз денсаулығы туралы нақты ақпаратты алуға құқылы, бірақ ол одан бас тартуға немесе денсаулық жағдайы туралы айтуға болатын тұлғаны анықтауға құқылы.
  • Егер пациент саналы түрде өз келісімін білдіруге қабілетсіз болса, оны заңды өкілі немесе пациент үнемі қамқорлығында болатын тұлға жасай алады.

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫ

Медицина қызметкерлері арасындағы өзара қатынас бір-біріне деген құрметке, сенімге құрылуы қажет және пациент мүддесін сақтауымен ерекшеленеді.

Медицинақызметкері өзіне деген әріптестерінің қатынасын қандай көргісі келсе, өз әріптестеріне де сондай қатынаста болуы ТИІС.

ҚОРЫТЫНДЫ

Осы Кодекс барлық медицина қызметкерлері үшін міндетті күшке ие. Ксәби этиканы бұзғаны үшін жауапкершілік дәрежесі этикалықкомиссиямен анықталады.