Әйелдер кеңесі бөлімінде қауіп-қатер тобындағы, фертильді жастағы әйелдерді, жүкті әйелдерді қадағалап қараудың барлық дағдыларын меңгерген, сонымен қатар жүктілікті аяғына дейін алып жүре алмауы бойынша қауіп-қатер тобындағы әйелдердің профилактикасы және емімен, отбасын жоспарлаумен және фертильді жастағы әйелдерді сауықтырумен айналысатын жоғары білікті дәрігерлер жұмыс жасайды.

Емханада «Ламаз» бағдарламасы бойынша «Жас аналар мектебі» сияқты денсаулық мектебі жұмыс істейді, мұнда болашақ аналар 9 ай бойы табиғи жолмен босануға, дәрі-дәрмексіз ауырсынбай босануға, серіктестік босануға, емшек сүтімен тамақтандыруға үйренеді және контрацепция туралы білім алады. «Жастар» атты жастар клубы және «Парасат» қарт адамдар клубы жұмыс істейді. Жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алу бойынша сабақтар, жүрек-қан тамыры патологиясы бар емделушілерге оңалту шараларын жүргізетін «Артериалды гипертензия мектебі», сонымен қатар «Бронх демікпесі», «Диабет» мектептері де жұмыс жасайды.

Әйелдер кеңесінің меңгерушісі
Смайлова Мадина Зулпайдаровна


  • Гинеколог дәрігердің кеңесі (бедеулік, жыныс жұқпалары мәселелері бойынша);
  • Кольпоскопиялық зерттеу;
  • Тазалық дәрежесіне, онкоцитологияға сүртінді алу;
  • Отбасын жоспарлау және контрацепция бойынша кеңес беру;
  • Жүктілік кезінде әйелдерді бақылау (динамикалық қадағалау, салмақ және ұрық дамуын бақылау);
  • Жүктілік асқынуларының алдын алу бойынша профилактикалық шаралар, көрсеткіштері бойынша ауруханаға жатқызу;
  • Босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі патронаж;
  • Кіші жамбас ағзасы мен ұрыққа УДЗ диагностикасы;
  • Кіші оталарды жасау (диатермокоагуляция, диатермоэксцизия);
  • «Жас аналар мектебін» және «Әйел денсаулығы» бағдарламасын ұйымдастыру.