Болатбаева Дана Бериковна
Жоғары санатты дәрігер
Карасу ықшам ауданындағы
Отбасы денсаулығы орталығының меңгеруші

Қарасу ықшам ауданындағы Отбасы денсаулығы орталығы медициналық-санитариялық алғашқы көмек: дәрігерге дейінгі және дәрігерлік білікті көмек, тұрғындарға үйге қызмет көрсету, профилактикалық тексеру, науқастарды шұғыл және жоспарлы түрде аураханаға жатқызу, зертханалық және диагностикалық зерттеулер жүргізу және т.б. көрсететін №21 қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Сонымен қатар кепілдендірілген көлемдегі тегін дәрілік қамтамсыз етуді жүзеге асырады. Отбасын жоспарлау, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша консультациялар жүргізеді, АГ және ИЖА, «Қант диабеті», қатердің мінез-құлықтық факторлары, СӨС және т.б. денсаулық мектептеріне тұрғындарды оқу үшін жібереді.
Қарасу ықшам ауданындағы ОДО балаларынан бастап бүкіл отбасы мүшелері дәрігердің бақылауында болады, яғни 5 жалпы практика дәрігерлері қабылдау жүргізеді.

Дәрігерлерінің қабылдау кестесі