Тапалова Дина Нуржановна
Бас дәрігердің пациентке қолдау көрсету және ішкі аудит қызметі жөніндегі орынбасары


Ясаков Иван Сергеевич
Cарапшы дәрігер

Құрметті біздің айдардың қонақтары!

2015 жылдың 01 маусымынан бастап біздің емханада Пациентке қолдау көрсету және ішкі аудит қызметі (ПҚКжІАҚ) жұмыс істейді (№ 8 кабинет, 1-қабат, сенім телефоны: +7 (727) 386 35 88.

ПҚКжІАҚ мақсаты мен міндеттері:
1. Медициналық көмек сапасын арттыру.
2. Медициналық көмек көрсету кезінде пациенттердің қауіпсіздігін күшейту.
3. Пациенттердің мәселелерін (шағым), олардың туындайына орай шешу.

Пациентке қолдау көрсету және ішкі аудит қызметі пациенттердің құқығын қорғау жөніндегі саясатты жүргізеді. Біздің ұйымда қызметкерлер пациенттің және оның отбасының құқықтарына саналы түрде құрметпен қарауға кепілдік береді. Пациенттер мен келушілердің қауіпсіздігі үшін емхананың күзет қызметі жауап береді.

Жауапты: бас дәрігердің пациентке қолдау көрсету жәнеішкі аудит қызметі жөніндегі орынбасары Айгүл Рғалбекқызы Рысбекова

Балаларға, мүгедектерге, қарт және басқа да қорғансыз тұлғаларға қолдау көрсетіледі, тіркеу орнында осы санаттағы тұлғаларға ықпал ету және көмек көрсету бойынша жауапты тұлғалар тағайындалған. Жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі тұлғалар дәрігердің қабылдау кабинетіне баруы үшін мүгедектерге арналған арбамен немесе сырғытқымен қамтамасыз етіледі.

Қызметкерлер пациенттер мен олардың отбасы мүшелеріне олардың құқықтары және емделуден немесе проф. тексеруден бас тартқан жағдайда жауапкершілігі туралы ақпарат береді. Емхана холында ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде көрнекілік ақпарат бар. Пациентке қолдау көрсету және ішкі аудит қызметі Сіздерге өтініштерді (шағымдарды) беру үдерісі, медициналық қызметке қатысты әртүрлі көзқарастағы пікірлер мен жанжалдар кезінде шараларды қолдану жолдары туралы ақпарат береді. Азаматтардың жазбаша өтініштері 5 күнтізбелік күн ішінде комиссия арқылы қаралады. Ауызша өтініштер көптеген жағдайларда «осында және қазір» қағидаты бойынша қаралады.




Өтініштерді қабылдау үдерісі
1. Жазбаша өтініштер (шағым) қабылдау №8 кабинетте кіріс хат-хабарлары журналында немесе сайтқа тіркеледі не тіркеу орны жанында орналастырылған шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшікке салынады.

2. Ауызша өтініштер тікелей емханада немесе +7 (727) 386 35 88 деген нөмірдегі сенім телефоны арқылы қабылданады.

3. Жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау белгіленген күндер мен сағатта жеке мәселелері бойынша пациент немесе келуші бас дәрігердің қабылдауында болуға құқылы (сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 10:00 - 12:00 дейін);

4. жұмыс күні ішінде:
- бас дәрігердің пациентке қолдау көрсету және ішкі аудит қызметі;
-жөніндегі орынбасарына (№8 кабинет);
- сарапшы дәрігерге (№8 кабинет);
- бөлім меңгерушілеріне;
- бас мейіргерге.

5. Шағым түскеннен кейін ол зерделенеді және комиссия арқылы талданады.

6. Шағам бойынша шараларды дайындау:

Ұсынылған материалдарды қарағаннан кейін комиссия: - шағымның негізділігі туралы шешім шығарады, анықталған кемшіліктерді түзету шараларын ұйымдастырады және қадағалайды; - шағымданушыға қабылданған шаралар туралы хабар береді.

7. Шағым бойынша жұмыстарды аяқтау: Нақты шағым бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін мүдделі құрылымдық бөлімше ішкі аудит қызметімен бірге шағымның қайта түсуін болдырмау мақсатында сақтандыру әрекеттерін дайындау туралы шешім қабылдайды.


Ескеру:
ҚР Заңына сәйкес домалақ арыздар қаралмайды.
Шағымға жауап алу үшін өтініш иесі өз өтінішінде тегін, атын, пошта немесе электронды мекенжайы мен телефон нөмірін көрсетуі тиіс.
Шағымды объективті әрі уақтылы қарау үшін оқиға мәнін, күнін, шағымданып отырған лауазымды тұлға туралы мәліметтер (ТАӘ, лауазымы), бөлімі немесе телімі нақты көрсетілуі тиіс.

Сенім телефоны: +7 (727) 386 35 88