Бөлім мамандары профилактикалық қызмет көрсетеді: скрининг бойынша медициналық тексеру жүргізу, проф.тексерулер мен скринингтік зерттеулер нәтижесі бойынша ауру қатері факторлары бар тұрғындардың мақсатты топтарын қалыптастыру және мониторинг жүргізу, «Денсаулық мектебін» қалыптастыру, аурудың қауіп-қатер және тәртіптік факторлары бар тұлғаларды аурудың алдын алу әдісімен оқыту. Психолог Долженко В.П. дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша 193 еріктіні дайындады.

Емханада 9 мектеп жұмыс істейді. Олар: «Денсаулық мектебі» («Қант диабеті мектебі», «Бронх демікпесі мектебі», «Артериялық гипертензия және жүректің ишемиялық аурулары мектебі», «Отбасын жоспарлау мектебі», «Жүктілер мектебі», «Жас аналар мектебі», «Дені сау бала мектебі», «Қарттар мектебі», «Қауіп-қатердің тәртіптік факторлары мектебі»), «Темекіге қарсы кабинет», «Парасат» қарттар клубы, жастарға арналған «Жастар» клубы. «Мектептердегі» сабақты мейіргерлер жүргізеді, ал дәрігерлер «мектеп» жұмысына жетекшілік жасайды. «Темекіге қарсы кабинеттің» жұмысын «Қауіп-қатердің тәртіптік факторлары мектебіне» жауап беретін мейіргер жүргізеді.

Психолог Долженко В.П. «Темекіге қарсы кабинеттің», «Парасат» және «Жастар» клубтарының жұмысын үйлестіреді әрі жетекшілік жасайды.