Емхана 2014 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсету үшін келесі медициналық қызмет түрлері бойынша Шарттар жасасты:

  • Халыққа кеңес беру-диагностикалық қызмет кешенімен медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету;
  • 0-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге профилактикалық тексеру жүргізу;
  • 18-64 жас аралығындағы тұрғындар арасындағы қанайналымының негізі аурулары мен қан диабетін ерте анықтауға арналған профилактикалық тексерулер;
  • 35-60 аралығындағы әйелдер арасында жатыр обырының алдын алу бойынша профилактикалық тексерулер;
  • 50-60 жас аралығындағы әйелдер арасында сүт безі обырын ерте анықтауға арналған профилактикалық тексерулер;
  • 40-70 жас аралығындағы еркектер мен әйелдер арасында глаукоманы ерте анықтауға арналған профилактикалық тексерулер;
  • 50-70 жас аралығындағы тұрғындар арасында жуан-тоқ ішектің ісік алды және ісікті ауруларын ерте анықтауға арнаалған профилактикалық тексерулер;
  • 50-66 жас аралығындағы еркектердің қуықасты безі обырын ерте анықтауға арналған профилактикалық тексерулер;
  • 50-60 жас аралығындағы еркектер мен әйелдер арасында өңеш және асқазан обырын ерте анықтауға арналған профилактикалық тексерулер.
  • Ересектер мен балалар арасындағы В, С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға арналған профилактикалық тексерулер.
  • Бауыр обырын гепатиттерін ерте анықтауға арналған профилактикалық тексерулер.

ДСБҰЖ енгізумен байланысты емхана көптеген бағдарламалар бойынша онлайн режимінде жұмыс істейді, сонымен қатар барлық есептер формалары мен мәліметтер базасы бар емханаішілік локальді желі жүргізіледі.
Емделушілер дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу үшін телефон арқылы да, тікелей өзі келіп те тіркеле алады.

Барлық толғандырған сұрақтар бойынша төмендегі байланыс телефондары бойынша хабарласа алады:
Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі: +7 (727) 386-35-41
Бас дәрігердің орынбасары: ішкі 137,
Ішкі аудит қызметі: +7 (727) 386-35-88
Тіркеу орны: +7 (727) 386-35-82; +7 (727) 386-35-81; +7 (727) 386-35-83; +7 (727) 384-28-58