ЖҚТБ — жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі. Бұл ауру адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) вирусы арқылы пайда болады. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышыиммун жүйесін әлсіретеді, соның нәтижесінде организм әртүрлі ауруларға қарсы тұру мүмкіндігін жоғалтады. ЖҚТБ терминімен АҚТҚ соңғы кезеңін белгілеген; ол адамның иммун жүйесінің зақымдалуымен сипатталады, соның салдарынан ілеспе өкпе, ішек-асқазан жолдары ағзалары, бас миы аурулары дамиды. Ауру өліммен аяқталады.

ЖҚТҚ аббревиатурасы жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі ЖҚТБ дегенді білдіреді.

Синдром (белгі) — қандай да бір ауруды сипаттайтын симптомдар, белгілер жиынтығы.

Жұқтырылған — өмір сүру барысында жұқтырған ауру.

Қорғаныш тапшылығы — организмдегі иммундық жүйе белсенділігінің жеткіліксіздігі.

Қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) тірі жасушаларды (лимфоциттер) зақымдайды және соларда дамиды. Тірі жасушалар вирустар бөлінетін және көбейетін «инкубатор» түрінде пайдаланылады. АҚТҚмөлшері өте кішкентай: ұзындығы 1 см болатын сызыққа 100 мыңға жуық вирустық бөлшектер орналасуы мүмкін. Вирус ұзақ уақыт жасырын (инкубациялық) кезеңде (зақымдану сәтінен бастап ауру белгісі пайда болғанға дейін) болатын баяу ағымдық ауруды тудырады. Сондықтан, о баста адам организміне енгенАҚТҚөзін ешбір білдірмейді. ЖҚТБжетілгенге дейін жылдар өтеді.

АҚТҚ (қорғаныш тапшылығы қоздырғышы) зақымданудың негізгі себебі есірткіні инъекциялық қолдану болып табылады (80%), сонымен қатар жыныс жолдары арқылы зақымдалған адамдар мен АҚТҚ бар әйелдерден туылған балалар саны артып келеді.

4. Ауру ағымы

АҚТҚ жауыздығы мынада, ол организмге түсіп, ұзақ уақыт өзін білдірмейді және оны тек зертханалық тексеру кезінде ғана анықтауға болады. Адамның иммун тапшылығы вирусы туғызған аурулар ағымы бірнеше кезеңде көрінеді:

Бірінші кезең — АҚТҚ клиникалық белгісінің болмауы. Бұл кезең 2 ден 15 жылға дейін созылады. Бұл асимптомдық инфекция (жұқпа) деп аталады. Адам өзін сау сезінеді әрі сыртқа солай көрінеді, сөйте тұрып басқа адамдарға инфекция жұқтырады.

Екінші кезең — ЖҚТБ алды.Аурудың алғашқы симптомдарының көрінуімен сипатталады: лимфа түйіндердің ұлғаюы; дене салмағын жоғалту; қалтырау; әлсіздік.

Үшінші кезең — ЖҚТБ.Бірнеше айдан 2 жылға дейін созылады, науқастың өлімімен аяқталады. Зеңдер, бактериялық вирустар арқылы өмірге қауіп төндіретін ауыр аурулардың дамуымен сипатталады.

5. АҚТҚ-инфекциясының берілу жолдары

АҚТҚ жұқтырған адамда әртүрлі сұйықтықта вирус бірдей болмайды. Вирустың біршама саны басқа бір адамды зақымдау үшін жеткілікті. АҚТҚ инфекциясы қанда, шәуетте, қынаптық секретте, ми-жұлын сарысуында, емшек сүтінде болады. Демек, АҚТҚ-инфекциясының үш түрлі берілу жолы туралы айта аламыз:

  • жыныстық қатынас;
  • парентеральді (вирустың қанға түсуі);
  • вертикальді (АҚТҚ бар ананың жүктілігі, тууы, емізуі кезінде).

6. АҚТҚ- инфекцияның жұқпайтын жолдары

АҚТҚ-инфекция жұқпайды:

  • достық қарым-қатынаста және сүйгенде;
  • қол алысқанда;
  • мектеп құрал-жабдықтарын, компьютерді, асхана құралдарын, сыртқы киімді пайдалану кезінде;
  • сантехжабдықтарды, бассейн, душты пайдалануда;
  • қоғамдық көлікте;
  • жәндіктермен, соның ішінде қансорғыш;
  • өндірістік және үй жағдайындағы заттар арқылы;
  • ауамен тыныс алу арқылы;

АҚТҚ - инфекция тұрақты түрде жыныстық қатынасқа түсетін серігі болғанда, мүшеқап арқылы сексуалды қатынаста жұқпайды. Науқас адамға күтім жасау барысында да жұқпайды.

7. АҚТҚ - инфекциясын жұқтыру қатерінің дәрежесі.

Қауіп -қатер тобы АҚТҚ зақымдану мүмкіндігі жоғары адамдар бар. Бұл қатер дәрежесін анықтайтын адамның тәртібіне байланысты: сексуалды серіктер санының көптігі; мүшеқапсыз жыныстық қатынас; жыныс жолдары арқылы жұқтырған ауруы бола тұрып жыныстық қатынасқа бару; есірткіні күретамыр арқылы қабылдау барысында бір ине мен шприцті бірнеше адамның қолдануы.

Сондықтан ілсңз топқа мыналар жатады:

  • нашақорлар;
  • гомосексуалистер;
  • жезөкшелер;
  • ретсіз жыныстық қатынасқа баратын тұлғалар.

Әлемдегі бүгінгі жағдай қарапайым жеке тәртіп ережесін сақтамаған жағдайда біздің әрқайсымыз қауіп-қатер тобына жататынымызды көрсетіп отыр.

8. Алдын алу шаралары

АҚТҚ - инфекциясынан емдеуге немесе зақымданудың алдын алуға болатын дәрілер мен екпелер әлемде әлі күнге жасалған жоқ. Ауру нәтижесі өлімге әкеледі. Тек қауіпсіз тәртіп пен өз денсаулығына деген жауапкершілік қатынас адамның иммун тапшылығы вирусымен зақымданудан қорғайды.

Жыныстық жолмен зақымдану. Белгісіз жыныстық қатынасқа түспеген, есірткіні тамыр арқылы қабылдамаған адамда АҚТҚ зақымдану қатері жоқ.

Ерте жыныстық қатынасқа түсу қаламаған жүктілікке, венерологиялық аурумен, ЖҚТБ зақымдануға әкелуі мүмкін. Осы біздің балаларымызға керек пе? Олар ата-ана болуға дайын ба?

Сондықтан АҚТҚ зақымданудың алдын алудың негізі төмендегілер болуы тиіс:

  • Қауіпсіз және жауапты тәртіп, салауатты өмір салты.
  • Ерте жыныстық қатынастан бас тарту. Некеге тұрмай тұрып, жыныстық қатынаста болудан бас тарту нағыз терең қатынасты құруға, төзім мен өзін-өзін бақылауды дамытуға, жастық шағына қуануға, жұқпалармен зақымдану қорқынышынан сейілуге ықпал етеді, ерлі-зайыпты ретінде бірегей қатынасты сезінуге көмектеседі, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды жұқтыру үрейінен және оның салдарынан арылтады.
  • Неке адалдығын сақтау.
  • Кездейсоқ жыныстық қатынаста мүшеқапты пайдалану.
  • Жеке бас гигиенасын сақтау.

9. Салауатты өмір салтыЖҚТБ алдын алу негізі ретінде

Мыңдаған аурулар бар, алайда денсаулық біреу ғана (Л. Берне).

Адамдағы ең қымбат нәрсе — бұл өмір. Өмірдегі ең басты нәрсе - денсаулық. Өз денсаулығымызға күтім жасау арқылы біз болашақ ұрпағымыздың денсаулығы туралы ойлаймыз. Адам денсаулығы көптеген себептерге тәуелді: тұқымқуалаушылық факторлары, медициналық көмек, қоршаған орта және өмір сүру жағдайы. Өмір сүру салты әдеттерден, мінезден, адамның қажеттілігінен, оның материалдық және рухани жағдайынан, салт-дәстүрінен және т.б. қалыптасады.Өзіңді жақсы сезіну үшін салауатты өмір салтын ұстануға тырысу қажет. Бұдан бұрын да ұлы адамдар былай деген: «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат сыйы» (Т.Карлейль). Салауатты өмір салты адамның организмінің даму заңдылықтары туралы ақпараттануымен, ненің зиянды, ненің пайдалы екендігін білуімен тығыз байланысты. Аурудың ішіндегі ең қауіптісі — надандық.Салауатты өмір салты жеке бас гигиенасы ережелерін сақтаудан, денені шынықтырумен айналысудан, дұрыс тамақтанудан, алкоголь мен есіртік қолданудан бас тартудан, әртүрлі күйзеліске қарсы тұра білуден тұрады. Пайдалы және зиянсыз әдеттер денсаулықты сақтау мен нығайтуға ықпал етеді.

Денсаулық үшін дене шынықтырумен айналысу өте маңызды. «Гимнастика, дене жаттығулары, жаяу жүру өзінің жұмысқа қабілетін, денсаулығын сақтағысы, толыққанды және бақытты өмір сүргісі келетін әрбір адамның күнделікті тұрымыс режиміне енуі тиіс» (Гиппократ).

Адам денсаулығына алкоголь, шылым және есірткі қатерлі әсер етеді. Соның әсерінен ішкі ағзалар, тамырлар, ми зақымданып, ауыр дерттер пайда болады. Мұндай әдеттерден арылу өте қиын, әрі олар күнделікті өмірде «қажеттілікке» айналып кетеді.Оларды шектеу нәтижесінде пайда болған салдар соншалықты қауіпсіз: себебі адамның өзі олармен өз бетімен күресе алмайды. Әсіресе зиянды әдеттерге бала кезден үйір болса, одан арылу өте қиын. Бала кезде организм жаңадан қалыптаса бастайдыжәне зиянды заттардың жойқын әсеріне қарсы тұра алмайды. Жиі ауыратын болады, ол ауыр жағдайда өтіп, аяғы өлімге әкеледі. Емдеуге болатын да аурулар бар: соңы өліммен аяқталатын тұмау, респираторлық сырқаттар. Ойланбай жасалған әрекеттер (ретсіз жыныстық қатынас, есірткіні инъекциялық қабылдау) болжауға келмейтін қиын жағдайға душар етуі әбден мүмкін. Біздің балаларымыздың өмірі енді ғана басталып келеді. Ол қиындықтарға, кездейсоқ жағдайларға, жеңістерге, жеңілістерге толы. Біздің әрқайсымыз өз балаларымыздың жарқын да бақытты болашағын жоспарлаймыз, ол жүзеге асуы үшін бүгінгі күннен бастап оларды өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын, ерік-жігері мықты тұлға ретінде тәрбиелеуге тиіспіз. Өз денсаулығына жоғары бағалауға тәрбиелеу —салауатты өмір салтын қалыптастырудың мақсаты осы.

10. АҚТҚ жұқтырған және ЖҚТБ науқастарыжәне олармен өзара қарым-қатынас этикасы

ЖҚТБ тек медициналық емес, АҚТҚ жұқтырғандарға да, олардың туыстарына, жақындарына да, олармен байланысты барлық адамдар үшін де әртүрлі әлеуметтік салдары бар үлкен мәселе.

11. АҚТҚ/ЖҚТБ мәселесінің құқықтық аспектілері

АҚТҚ-инфекциясының таралу мәселесізаңнамалық актілер қатарында қаралады. Сонымен, Қылмыстық кодекс ЖҚТБмен зақымдану қатерін туғызған тұлғаға үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолдануды қарастырады; өз ауруын біле тұра қасақана біреуге ЖҚТБ жұқтырған тұлға жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады. «Бала тәрбиелеп отырған отбасына берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заң ЖҚТБ ауыратын, АҚТҚ жұқтырған балаларға 16 жасқа дейін зейнеткерлік жәрдемақы беруді қарастырады. Законами «денсаулық сақтау туралы», «Халықтың санитарлық игілігі туралы» Заңдар төмендегілерге кепілдік береді:

  • ЖҚТБ емдеу кезінде тегін дәрі-дәрмек беру;
  • кез келгенмедициналық мекемеде емделу;
  • АҚТҚ жұқтырған тұлғаларды жұмыстан босатуға, қабылдамауға, оқу орнынан шығаруға, балалар мекемесіне қабылдамауға жол бермеу;
  • азаматтардың медициналық куәландыру құқығына, оның ішінде анонимді (жасырын);
  • медициналық мекемелердегі тексерулердің қауіпсіздігі мен құпиялығын қамтамасыз ету.

ЕгерАҚТҚ/ЖҚТБ, нашақорлық, жыныс жолдары арқылы жұққан инфекциялар мәселелері бойынша сұрақтар туындаса, Сіздер Республикалық немесеоблыстық ЖҚТБ профилактикасы орталықтарында, наркологиялық және дерматовенерологиялық қызметтерден көмек ала аласыздар.

№ 21 қалалық емхананың ІІ қабатындағы 53 кабинетте жасырын түрде АҚТҚ талдама жасатуға болады.